ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Орыс көршісі соқыр шығып, бір көзі содан қысық қазекең

әкімшілік 30/05/2020 601 рет қаралды

сүйрет : Fishki.net

Ыспан

 

Қазақ ғылымы емес, қарапайым халқымыз бен тіліміз, сірә, бұдан мың әлде одан да көп жыл бұрын айтып та, атап та қойған …

 

 ауызомыртқаны – первый шейный позвонок,

жұлынды – спиной мозг,

мыйды – головной мозг,

ұйқы безді – поджелудочная железа деп, …

 

… осы күнгі оттекті немістің sauerstoff-ын сөзбе-сөз орысшалап, кислород дейтін,

 

яғни оттың тегі, жануды қолдаушы дегенді қышқылдың тегі, қышқыл тудырушы, қышқылдықтың негізі деп жаңсақ түсініп, …

 

… бұл тектес бірталай жаңылыс сөз жасаған күні кешегі орыс ғылымы, орыстың, Ломоносов-Пушкиннің тілі бүгінде әлемдегі ең жетік ғылым, ең жетік тілдің бірі саналады.

 

… Қасқа айғырдың құлыны қасқа тумаса да, төбел туады деген ғой, өзін күшігінен талап өсірген көкесінен қалсын ба, … 

 

… балконды «қылтима» депті деп күле әлде табалай жөнелуге қашан да дайын тұратын қазақ қайраткерлерінің үлкен парасы да …

 

… орыстың қарын астындағы деген түсінікті поджелудокная дей алмай, поджелудочная дегенін сөзбе-сөз қабылдап,

 

поджелудочная железа – қарынша астындағы без,

спинной мозг – арқа ми,

головной мозг – бас ми деп, қайта қазақшалап келеді.

 

Қазақшалап қана қоймай, ғылымға өмірде, яғни адамның ағзасында жоқ әрі қазақ тілінде де болмаған

 

қарынша, бастың миы,арқаның  миы дегендерді енгізіп жүріп, …

 

… олар да өздерін ауыл-аймақтық пен қазақтықтан баяғыда-ақ асып кеткен еуродеңгейлі ғалым санайды.

 

Әрі мұнымен де тоқтамай, тілі, ділінен жұрдай болып отырып-ақ өздерін қазақтық мәдениеттің де басты, бірінші өкілі көреді.

 

Ол күшіктен бұл күшіктер қалсын ба, сірә, орыстың …

 

… «из подзащитников» дейтінін «қорғаушылардың астынан соққы жасалған екен» (Ювентус – Барсеолон ойыны, 06.06.15) …

 

… деп соғып, деп аударатын қазақ теле жұрналышлары да – өз ойларында да, үлкен өмірде де нағыздардың нағызы.

 

Ал дұрысы – «қорғаушының тасасынан» болар еді.

Алдыңғы және келесі мақалалар

  1. Ахмет-Төренің «аборт»-ына айтарым — http://turki.kz/ahmet-torening-abort-yna-ajtarym
  2. «Түсік — ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па? — http://turki.kz/tusik-aj-kunine-zhetpej-tuu-deppiz-osymyz-durys-pa
  3. «Аборт» па, «түсік» пе — таразға тартайық — http://turki.kz/abort-pa-tusik-pe-tarazgha-tartajyq
  4. «Делать аборт — түсік түсіруді жасау» десек, бұған не дер едіңіз? — http://turki.kz/delat-abort-tusik-tusirudi-zhasau-desek-bughan-ne-der-edingiz
Кілттік сөздер:

1 Comments

  1. Ғани 05/06/2020

    Зб, не жазғансыңдар…жұлмалап айтқың келген ойды түсінікті, құрап жазсаңшы.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*