ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Сөзтаным

От зари до зари-дың қазақшасы

әкімшілік 30/05/2018 114 рет қаралды

Ыспан

 

 

Көпшілік қазақшасын анық біле бермейтін, білсе де дұрыс тұлғасында қолдана қоймайтын сөз орамы: от зари до зари

 

 

сөз орамы

 

от зари до зари

 

 

мәні

 

– 1. с утра до вечера, весь день – 2. с вечера до утра, всю ночь [1].

 

 

орысша мәндестері

 

весь день, день-деньской, полный день, с утра до вечера, с утра до ночи, целый день, цельный день [1].

 

 

бұған дейін берілуі

 

таң атқаннан күн батқанға шейін, күнімен [2] – бұл нұсқа ойды сөзбе-сөз, синтаксистік құрылым арқылы жеткізу. Бұл кезде әуелден бейнелі жасалған сөз әсері сәл кеміп, айтушының көңіл-күйі тыңдаушыға толық жетпей қалады. Адамның жан-дүниесінен сезімге малынып шыққан ой, сөз құрғақ құрылымға айналады.

 

 

мүмкін қазақшасы және әсерлі әрі жиынтық мәні

 

1. таңнан қара кешке дейінсөздікте [3] берілмеген.

2. ертеден (ертеңнен) қара кешке дейінсөздікте [3] берілмеген.

3. таңды таңға ұрып (өте әсерлі нұсқасы) – сөздікте [3] берілмеген.

4. таңертеңнен қара кешке дейінсөздікте [3] берілмеген.

5. күні бойы – мәні: таң атқаннан кешке дейін, күнұзақ [3].

6. күніменен – мәні: 1. күні бойы, күнұзақ. 2. ұзақ уақыт  [3].

7. таң атқаннан қара кешке дейін сөздікте [3] берілмеген.

8. таң атқаннан күн батқанға дейінсөздікте [3] берілмеген.

9. күнұзақ – мәні: күні бойы [3].

 

Бұлар – «от зари до зари»-дің қазақшасы, аудармасы емес, қазақ тілінде әуелден болған ыштамптық қолданыстар.

 

 

ұқсас сөзорам

 

от звонка до звонкабасынан аяғына дейін  

 

 

түрлі тіркесімдері

 

     Таңнан қара кешке дейін қолы бір босамайды

     Ертеден қара кешке дейін жамбасы жер иіскемеді

     Таңды таңға ұрып жүргенім, сол

     Күні бойы сіңбіруге уақыты жоқ

     Күнімен (күнұзақ) тыным таппады

 

 

 

сүйрет: fonday.ru

 

Ұсыныс бізден, жетілдіру сізден болсын, қымбатты дос!

 

 

  1. Фёдоров А.И. Фразеологический словарь русского литературного языка, 2008 //http://phraseology.academic.ru/4554/
  2. Русско-казахский словарь. М., 1954, 935 б.
  3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 15 том, А., 2011-ж.
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*