ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Өзім қара болсам да қыз таңдаймын

әкімшілік 23/01/2021 138 рет қаралды

 

Ыспан

 

Сірә, кез келген адамның бір емес, екі бағасы бар. Бірі – оның адамдық әрі өзіндік бағасы да, екіншісі – оның …

 

… қоғамдық, яғни өзіне өзгелердің беретін, қабылдайтын бағасы. Бұл екі баға бірдей де, бірдей емес те, тіпті олардың айырмасы жер мен көктей де болуы мүмкін.

 

Мысалы, мына мен қазаққа, түркі әлеміне, оларға қатысты нәрселерге бейтарап қарай алмайтындықтан, мұндай мәселелерді назарда ұстаймын.

 

Екіншіден, әкәдемік Шора Сарыбайыптың бір кездегі сөзімен айтсақ, өзі туралы пікірі өте жоғары жігітпін (неге бұлай дегені әрі кейін пікірі өзгергені өз алдына бөлек әңгіме), сүйте тұра өзімнің қоғамдық бағамның сонша жоғары еместігін, өзгелердің мен жайлы не деп, қалай қабылдайтынын жақсы білемін.  

 

Сүйте тұра, яғни осы түріммен Сүлеймен Сұлтанның айналасындағы жағымпаздар сұлулығын тек ай мен күнге теңеп-қалатын, бірақ жауыз шешесінің ыңғайында ғана жүретін, өзіндік ойы да, адамдық ақылы да жоқ, бас уәзір байы патшаның қызы болғаны үшін ғана қатын қылғансып, бұл да оны бай қылғансып жүрген арамза жанды Мехримах «сұлу»-ды әйелдікті былай қойып, ашыналыққа да  алмас едім.

 

Ал өзін әлемнің, жеті белдеу, үш құрлықтың Сұлтаны, Алланың жер үстіндегі көлеңкесі cанай тұра пәленбай жыл мұсылмандық пен түркі жұртының қас жауы еуролық қатыны мен еуролық бас уәзірінің қолындағы қуыршағы болып жүрген және ең дені дұрыс ұлына, түркі әлемінің мүдесіне солардың ғана көзімен қарай алатын Сүлеймен патша  туралы не дерсіз!

 

Бір жағынан, осындай әке мен шешеден жаралған Мехримах «сұлу»-дың бұндай болуы заңды да көрінеді.

 

Ійә, мен мұны қас дұшпанның емес, арамзалық пен өзін керемет көретін, бірақ іс жүзінде ақымақ биліктің бейнесін иттің етінен жек көру сезімі бойынша жазып отырмын. Бар айтарым осы ғана.

сүйрет : Astro.mirtesen

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*