ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Дүниетаным

Парақорлық шенеунікке ғана тән бе екен?!

әкімшілік 12/10/2018 661 рет қаралды

Ыспан

 

Мектептің үй сыпырушысына дейін жұмысқа парамен тұрады екен. Бұл – Елбасының 2018-жылғы Жолдауында айтылған сөз.

 

Ырасында, параны Банікке, Май-ға қызметке тұру немесе үкіметтің жоғары лауазымын алу үшін берсе, сондай қызметке тағайындау үшін сұраса, шарт етсе болар еді. Ал барып-келетін жолгүреге жетпейтін жалақысы бар, еден жуудан басқа билігі жоқ үйсыпырушы жұмысына параны кім, не үшін береді деген ой келеді.

 

Әрине, бұл – естіген құлаққа күлкілі, таңғаларлық әрі ұят жай және мұндай сөзден соң залда отырғандар, әсіресе бұл іске тікелей жауапты үкімет адамдары ұяттан жарыла жаздаса болар еді. Алайда, жарылмақ түгілі беттері қызармады да және мәселе күлкі де ме екен?! Күлсе, күле берсін!

 

Үйткені, «толар-толмас мектептің болар-болмас деректірі» екенмін деп, пара алмаса, оның бала-шағасын кім асырайды?

 

Мектеп басшысы параны беріп тұрған  мұғалімнен, үйсыпырушыдан, ата-анадан алмаса, басқа кімнен алады, басқа кім береді?

 

«Ит те болса», бастық деген атымен бір жалақыға өмір сүргені қалай болады және өзінен жоғары тұрған басшыға беруі тиіс парасы қайдан құралып-жыйналады?!

 

Мектепке деректір болғысы келе тұра, беретін бір тыйыны болмаса, нағыз күлкі сол болмай ма?

 

Әрі ұят, дұрыс емес екен деп немесе осындай әдемі сөз үшін-ақ өзі келіп тұрған парадан бастарту мүмкін бе және қай ақылға қонады?

 

Яғни параның аты – қашан да, қалай және кімнен алсаң да пара ғана. Оның мәні – кім беріп, кім алатынына да, мөлшеріне де байланыссыз.

 

сүйрет:azattyq.org

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*