ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Қазақ қайраткерлігі мен жұрналшылығына обал-ақ!

әкімшілік 13/10/2019 128 рет қаралды

Ыспан

 

«Президентімізді біреу жамандап жатса, соған қосыла жамандап кетеміз ғой. Біз Қазақстан бітті, уже сатылып кетті, үйтті, бүйтті десе, соған үндемей отырамыз ғой. Біз неге …

 

… Елбасымызды қорғауды қорлық деп есептейміз. Неге біз мемлекетіміз жайында біреу шала-шұрпы пікір айтып жатса, соған басымызды изеп тып-тыныш отыра береміз. Туған патшамызды бөлек бір сырттан келген бөтен адам сыйақты көретін жағдайға келдік. Міні ақпараттың себебі» [1].

 

Сірә, тәуелсізбіз, мәңгілік ел боламыз деп отырғандағы жағдайымыздың шынымен осындай, масқара күйде екеніне ешкім таласа қоймас.

 

Негізі, отыз жыл бойы биліктің қамқорлығында болған қазақ баспасөз, теледидары елді, ерді, билікті, басшыны мақтаудай-ақ мақтады, даттаған жері жоқ еді.

 

Дегенмен, М.Тазабек сөзі сонша жыл еткен еңбек, төгілген терді жоққа шығарғандай, оның шын бағасындай естілді.

 

Ійә, қалай дегенмен де, сарай ақыны түсінігін жаңа деңгейге көтерген қазақ қайраткерлігі мен жұрналшылығына обал-ақ!

сүйрет: Mostmag.ru

  1. М.Тазабек: «Қазақстанда ешкім аштан өлмейді» атты бейне таспадан
Кілттік сөздер:
Алдыңғы мақала

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*