ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Қазақтың сот орындау жүйесі – сіз бұған сенесіз бе?

әкімшілік 01/04/2019 185 рет қаралды

 

Зайнудин Меруерт Мұқанқызы,

ТарМПУ-дың 2-курс студенті

 

А.Левшинше айтсақ, бар тұрмыс-тіршілігі бей-берекеттік, жөн-жосықсыз шапқыншылықтан тұратын жабайы қазақ қоғамындағы …

 

… барымташылық – мал ұрлау мен бай-шонжардың бір-бірінен кек алу, олжа түсіру мақсатындағы қақтығыс, қан төгісінен басқа түк емес [1].

 

Яғни барымта – таза қылмыстық әрекет әрі мұны орыс-орман ғана емес, өз құқықтанушыларымыз да жарыса жазып келеді. Тіпті осы күнде ендеп кеткен сыбайлас жемқорлықтың өзі бұрынғы барматаның  бүгінгі көрнісі, заңды жалғасы дейтіндер де бар [2-6]. Тіліміздегі барымтадан қорыққан мал жимас, әзірейіл барда – жаным, барымта барда – малым бар деме дейтін мәтелдер де оның осындай табиғатының дәлелі сынды.

 

Алайда барымта билер сотының шешімі орындалмау жағдайында соны жүзеге асыру, ұрланған мал, келтірілген шығын, төленбеген айып орын толтыру, әлденеге кінәлі жақты сот алдына келуге мәжбүрлеу, яғни әділдіке қол жеткізу үшін жасалатын заңды әрекет деп те қаралады [7-11].

 

Сірә, мұның біріншісі еуро-орыстық мәдениет өкілдерінің өзінен өзгенің бәрін кем көру, кеміте көрсету құлқынан да тууы, ал оны қазақтың дәстүрлі сот орындаушылық жүйесі ретінде ақтап алушылық – кім-кімге де тән отаншылдық сезім жемісі немесе кей кісілер айтып жүргендей, «лжепатриоттықтан» да болуы мүмкін.

 

Сізше мұның қайсысы дұрыс? Кімде қандай дәлел бар?

сүйрет: informburo.kz

жетекшісі: Ыспандияр Ақайұлы

 

  1. Ибраева А.С. Правовая культура: проблемы теории и практики, А., 2002, 94-б.
  2. Калиев А. Особенности защиты в судебной системе Казахстана XYIII- XIX вв. //Древний мир права казахов, А., 2004, 2-т., 327–331-б.
  3. Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе, М., 1984, 167-б.
  4. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов, А., 2004-ж.
  5. Фукс С.Л. Барымта //Ученые записки харьковского юридического института, Харь., 1948, Вып. 3, 131–170-б.
  6. Қадыржанов Р. Халықтың саяси енжарлығы билікке тиімді //ҚӘ, 29.06.12, № 27 (3295)
  7. Мамутов А.М. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта, А., 1963, 43-б.
  8. Байжанова К.О. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік құқығына ие болу және тоқтату әдістері //Древний мир права казахов, А., 2004, 2-т.
  9. Бердалы О. Барымта, или как казахи справедливость восстанавливали //365 info.kz, 08.04.18
  10. Усеинов К.Р. Роль барымты в традиционном обществе казахов //http://www.dissercat.com/content/mezhrodovye-konflikty-kazakhov-i-ikh-uregulirovanie
  1. Сатылғанов Ә. Қазақта рухани әділ төрелік болған ба? Немесе барымташы қазақ жемқор болған ба? //Абай-ақпарат, 27.08.12-ж.
Кілттік сөздер:

1 Comments

  1. 👍👍👍👍👌👍

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*