ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Дүниетаным

Қазақтың тыйым сөздері

әкімшілік 29/01/2019 54 рет қаралды

Спандияр Ақаев, химия ғылымының кандидаты

 

Тыйым сөз біріншіден, дауыстап айтуға болмайтын, айуға тыйым салынатын сөздерді білдіреді. Бабаларымыз жаман сөз айтуға болмайды дей отырып, әсіресе айдалада келе жатқанда қасқырдың атын атамауды үйреткен. Оны қарысқыр немесе ит-құс дегізіп, әлдебір нәрсенің біткені туралы жоқ, таусылды демей, байыды деп айтқанды қалаған. Сондай-ақ шайтанның аты деп есептелетіндіктен, ойбай деуге де тыйым бар.

 

Екіншіден, тыйым әлдебір қылыққа, әдетке салынады. Мысалы, суға түкіруге, жақты таянуға, түнде тырнақ алуға, кісі аяғын аттауға, қолды сілкуге болмайды. Мұндай тыйым тілімізде өте көп. Әрі бұларды ықшамдалып, тұрақты тіркеске айналғанға және ондай тұлғасы жоққа бөлуге болады. Табалдырықты баспа, есікті керме, табанды тартпа, тізені құшақтама, кісіге қарап керілме дегендер – дәл және тек қана осы күйінде тұрақты түрде қолданылса, аяғыңды жоғары көтерме, басыңды босағаға беріп ұйықтама, бас киімнің алдын артына қаратып киме деген тірекстер құрамы тұрақты емес. Олар аяғыңды көтерме, басыңды босағаға берме (қаратпа), баскиімді теріс киме деп әрқалай айтылуы мүмкін.

 

Мұнан басқа тыйымдық ырымдар да бар. Ырымдардың сөйлемге немесе бір ауыз сөзге сыйдырылатын нұсқасы жоқ. Олар түсінік түрінде көрінеді. Мысалы, өз үстіңдегі немесе біреудің үстіндегі киімді тігуге, түймесін қадауға, қойды бауыздап жатқанда оның алдында тұруға, түнде түс жоруға болмайды деп түсініледі. Төменде біз түрлі еңбектер мен мерзімдік басылымдарда осы уақытқа дейін жарық көрген және ауызекі тілден алынған тұрақты тіркестік тыйым сөздер тізімін беріп отырмыз және бұл тізім қатары әлі де толығар деп ойлаймыз. Сондай-ақ келтірілген әрібір тыйым сөздің бірнешеден нұсқасы барын, мұнда олардың негізгі дегендері алынған еске саламыз.

 

  1. адамға қарап түкірме
  2. адамға пышақ кезенбе
  3. адамды айналма
  4. адамды (үйде отырған қонақты) санама
  5. айға қарап дәрет сындырма (алма)
  6. айды шұқып көрсетпе
  7. айтта кір жума
  8. айырдың басын жоғары қаратып қойма
  9. аққуды атпа
  10. ақтың жуындысын ағым жатқан суға төкпе
  11. ақты төкпе
  12. ант (су) ішпе
  13. арқанды аттама
  14. ата-енең (қайнағаң) жатқан жерге жатпа
  15. ата-енеңнің (қайнағаңның) төсегіне отырма
  16. атқа теріс мінбе
  17. аттың жүгенін аттама
  18. аузыңді (қолыңмен) жаппа
  19. аяғыңды жоғары көтерме
  20. аяқ-қолыңды жіппен байлама
  21. аяқ-киімді төңкерме
  22. аяқ-киімдің төрге шығарма
  23. бақаннан аттама
  24. баланы ожаумен ұрма
  25. балтаны аттама
  26. бас киімді босағаға ілме
  27. бас киіммен ойнама
  28. бас ұстама
  29. басыңды босағаға беріп жатпа
  30. басыңды шайқама
  31. бейуақытта жылама
  32. бейуақытта кісіге көңіл айтпа
  33. бейуақытта ұйықтама
  34. бейітке қарап түзе отырма
  35. бейітке қолыңды шошайтпа
  36. бейіт топырағын сәндеме
  37. бейіт тұсынан шауып (жүгіріп) өтпе
  38. беліңді таянба
  39. бесікті ашық қалдырма
  40. бесікті аяқ атына тастама
  41. бесікті көрінгенге берме
  42. бесікті сатпа
  43. бетіңді баспа
  44. босағаға отырма (қыз босағаға отырмайды)
  45. босағаға сүйенбе
  46. босағаға тұрма
  47. босағаны құшақтама
  48. бос бесікті тербетпе (шайқама)
  49. бөркіңді теріс қаратып киме
  50. бүйіріңді таянба
  51. біреуге ор қазба
  52. бір қолыңмен нан үзбе
  53. дастарқанды ашық қалдырма
  54. дастарқанды баспа
  55. дастарқанды қағазбен сүртпе
  56. дастарқанды пышақпен қырма
  57. дастарқаннан аттама
  58. екі езуіңді керме
  59. ертеңгі асты тастама
  60. ескі сыпырғышты отқа жақпа
  61. есікті керме
  62. есікті құшақтама
  63. есікті теппе (аяқпен жаппа)
  64. жақсы аттың тісіне қарама
  65. жақсының жасын сұрама
  66. жақын адамға пышақ сыйлама
  67. жалғыз ағашты кеспе
  68. жаман сөз айтпа
  69. жаңа байығаннан қарыз алма
  70. жас босанған ананы түнде суға жіберме
  71. жас жұбайлардың төсегіне отырма
  72. жас малдың тісін санама
  73. жаяу қамшыланба
  74. желіні (көгенді) аттама
  75. жер-ошақтан аттама

76.жер-ошақты айналып жүгірме

  1. жер таянба
  2. жер таянып отырып (жатып) а с ішпе
  3. жеті түнде жүрме
  4. жұлдызды санама
  5. жұма күні кір жума
  6. жүреңнен отырма
  7. жүрер жолдың уақытын кесіп айтпа
  8. жылқыны басынан ұрма
  9. жыңғылмен ат қамшылама
  10. иегіңді (жағыңды) таянба
  11. итаяқты теппе
  12. итке ожаумен ас құйма
  13. итті теппе
  14. кемтарға күлме
  15. кесені төңкерме
  16. кетік кесемен шәй құма (ішпе)
  17. киімді желбегей жамылма

94. киімнің жағасын баспа

  1. көгалды таптама
  2. көкті жұлма
  3. көсеуден аттама
  4. күйеуіңнен бұрын жатпа
  5. күлді баспа
  6. күлді шашпа
  7. күн бата жатпа
  8. күн батқанда сыпырындыны далаға шығарма
  9. күнге қарап дәрет сындырма
  10. күн шықпай күл төкпе
  11. күректі екінші адамға қолмен берме (мүрдеде)
  12. күректің басын жоғары қаратып қойма
  13. күректің сабын аттама
  14. кірдің суын баспа
  15. кірдің суын есік алдына төкпе
  16. кісі аяғынан аттама
  17. кісіге қарап есінеме
  18. кісіге қарап керілме
  19. кісіге қару кезенбе
  20. кісі жолын кеспе (әйел еркектің жолын кеспейді)
  21. кісі мініне күлме
  22. кісінің үстінен аттама
  23. кісіні шұқып көрсетпе
  24. қазанды төңкерме
  25. қайда барасың деме (деп сұрама)
  26. қараңғыда киіз қақпа
  27. қараңғыда суға барма
  28. қарғанба
  29. қойдың үстінен аттама
  30. қолыңды артыңа айқастырма
  31. қолыңды желкеңе қойма
  32. қолыңды қалтаңа салып тұрма
  33. қолыңды қусырма
  34. қолыңды сілікпе
  35. қолыңды тарақтама
  36. қолыңды таянба
  37. қолыңды төбеңе қойма
  38. қонаққа берер затты сол қолмен берме
  39. құбылаға қарап дәрет сындырма
  40. құдыққа түкірмме
  41. құмырсқаның илеуін бұзба
  42. құранды баспа
  43. құранды жерге тастама
  44. құр ерге мінбе
  45. құрықтан аттама
  46. құстың ұясын бұзба
  47. қыздың төсегіне отырма
  48. малға кет деп зекіме
  49. малға қарап симе
  50. малға теріс қарап мінбе
  51. малды басқа (жүгенмен) ұрма
  52. малды құрқол айдама
  53. малдың желінген басын түнде лақтырма
  54. малды теппе
  55. мал қораға дәрет сындырма
  56. мойныңа белбеу салма
  57. мысықты ұстама
  58. нанды баспа
  59. нанды лақтырма
  60. нанды тастама
  61. нанды төңкерме
  62. нанның үстіне басқа зат қойма
  63. оқтаумен баланы ұрма
  64. отқа симе
  65. отқа түкірме
  66. отпен ойнама
  67. отты аттама
  68. отты теппе
  69. отты үрлеме
  70. отты шашпа
  71. өлген адамға топырақ салғанда күректі табаныңмен баспа
  72. өлген кісінің қабірін баспа

167. өтірік жылама

  1. пышақты аузыңа салма
  2. пышақты ұшынан ұстама
  3. пышақтың жүзін жалама
  4. пышақтың жүзін көкке қаратып қойма
  5. пышақты шалқасынан қойма
  6. саусағыңды айқастырма
  7. саусағыңды шытырлатпа
  8. суға дәрет сындырма
  9. суға (өзенге, көлге) қарай жүгірме
  10. суға симе
  11. суға түкірме
  12. суды сапырма
  13. сүйекті отқа салма
  14. сыпырғының басын жоғары қаратып қойма
  15. сыпырғыны төрге қойма
  16. сыпырғыны тігінен (тұғызып) қойма
  17. сыпырғыыммен баланы ұрма
  18. сыпырғыны көкке көтерме
  19. табалдырыққа отырма
  20. табалдырықты баспа
  21. табаныңды тартпа
  22. таңғы асты тастама, кешкі асты бақпа
  23. таңдайыңды қақпа
  24. таяқ таянба
  25. тұзды баспа
  26. тұтқыштан аттама
  27. түнде айнаға қарама
  28. түнде кір жума
  29. түнде су басына барма
  30. түнде судің бетін ашық қойма
  31. түнде түс жорыма
  32. түнде тырнақ алма
  33. түнде үй сыпырма
  34. түнде шаш алма
  35. түн ішінде жылама
  36. тырнағыңды бір-біріне егеме (сүйкме)
  37. тізеңді құшақтама
  38. тірі малға көрсетіп екінші малды сойма
  39. тісіңді қайрама
  40. үй айнала жүгірме
  41. үйге жүгіріп кірме
  42. үйге қарай жүгірме
  43. үйге сыртыңмен кірме
  44. үйде ысқырма
  45. үйді айналма
  46. үйді сабама
  47. үйіңе келгенге үйдей бәлеңді айтпа

215. үлкенге сыртыңды беріп отырма

  1. шашты таптама (баспа)
  2. шашыңды жұлма
  3. шашыңды отқа салма
  4. шелектегі суға аузыңды батырма
  5. ыдысты (табақты) теппе
  6. ымыртта күл төкпе
  7. ішегіңді тартпа

сүйрет: mazhab.kz

 

«Қазақ әдебиеті», 23.03.01, № 12

Кілттік сөздер:
Алдыңғы мақала

1 Comments

  1. Тыйым-тәлім-тәрбие , үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі құралдардың бірі. Жақсылыққа, жақсы әрекеттке адамды жетелейтін, адамға не істеу және не істемеу керек ұғымдарына жауап қарастырады. Қазақ халқы ежелден ырымға, тыйымға сеніп келген,. Тыйым, ырым, сенім секілді ұғымдарды өздерінің мәдениеттерімен тығыз байланыстырған. Тыйымға мәселен, тамақты теппе, босағада отырма және т.б жатады.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*