ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Қонайып та көп жемқордың бірі болар ма еді, тек …

әкімшілік 19/12/2020 346 рет қаралды

сүйрет : Zercalo.org 

Ыспан

 

Кеңес халқының қазынасын тонап байыған басшылар ол заманда сол байлығын ашық түрде пайдалана алмайтын, көрсете алмайтын еді, сол себепті олар Одақтың ыдырауына мүделі әрі оған бірден-бір себепкер болды деп ойлайтын бір пікірлес, пікірталас әріптесім, басқа бір ретте Қонайып туралы сөз бола қалып, ол ел мүлкіне қол салмады ғой дегеніме, қол салар да ма еді, тек …

 

… ол кезде ұрлау-тонау мүмкін емес еді, қауіпті болды, ешкім де ұрлай қойған жоқ, қол сұқпау себебі содан болса керек деп …

 

… әуелгі, бұрыннан айтып жүрген өз тұжырымына толық керағар ой айтып әрі бар басшыға үлгі боларлық, бірден-бір дұрыс адамды кешегі, осы күнгі көп қара, көп жемқордың бірі қылып жіберген еді.

 

 

Сірә, өмірінің 30-40 жылын ел билігінде өткізе жүріп, оның бір тыйынын да пайда тұтпағаны айдан анық осы бір қарапайым да таза тұлғаны бұлай бұлғап-былғау бұнымен бітпес деп әрі әңгіменің ашығы үшін кім-кім де оң болсын, теріс болсын, өз ойы, өз дәлелін қоссын деп осы мақаланы жазып отырмын.

 

 

Ал Укипедиядағы тақыл-тұқыл мәліметке сенсек, КСРО-да ең биік саяси лауазымға ие болған жалғыз қазақ атанып отырған ол халықтың қалтасына қол сұқпақ түгілі

 

— академиктігі үшін берілетін 340 сомнан бас тартып,

 

— 24 жыл бойы 200 шаршы метірлік шағын пәтерде тұрып, үйіне келген Брежневті «Бар дүниең осы ма?»- дегізіп таңдандырып,

 

— басқалар құсап жеке күзетші де ұстамай, жұмысына жаяу барып жүрген екен.

 

 

Ійә, әділдік, шіркін, қайда бар? … тілде бар да, ділде жоқ дейтіндей-ақ.

 

 

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*