ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Көркем сөз

Сұрай білген, ала да біледі

әкімшілік 04/05/2018 2136 рет қаралды

(жетілдірім)

Бірде бір топ жолаушы Бұзаубай үйінің жанына тоқтай қалып,  ат үстінен:

– Ей, Бұзаубай, жол жүріп келеміз, айран-суың болса ала шық, – деп дауыстайды.

 

Келген кісіні есік алдынан қайтаруды ыңғайсыз көрген Бұзаубай оларды қоярда-қоймай үйге кіргізеді.

– Әкем-ау, қонақ күтерлік жағдайдың жоғын біле тұра бұл не қылғаның, – деген әйеліне:

– Бәйбіше, бір амалы болар, саспағын, – деп көршісі Нығмет саудагердің үйіне қарай жүгіріп кетеді.

 

Бұзаубайдың жайдан-жай біреудің үйіне бас сұқпасын жақсы білетін Нығмет, оның әлдене сұрай келгенін сезіп, жақтырмаған үнмен:

– Бұзеке, мезгілсіз уақытта не жұмыспен жүрсіз? – дейді.

Сонда Бұзаубай:

– Әй, Нығмет-ай,

сенде соншалық жұмысым да жоқ,

құдай берген өзімнің ырысым да жоқ.

Тек саған айтпай, кімге айтайын:

үй толы қонағым бар,

бірақ, оларға берер шәй да жоқ,

дастарқанға қояр май да жоқ,

жұрттан  сұрар жай да жоқ.

Қорамда бір қой да жоқ,

қой соятын ой да жоқ.

Кебежемде ет те жоқ,

ет сұрайтын бет те жоқ, –

деп шұбырта жөнелгенде сасып қалған саудагер:

– Бұзеке, болды-болды, ендігісін айтпай-ақ қойыңыз, –  деп дастарқан мәзірін түгендеуге кіріскен екен.

 

сүйрет: el.kz

 

Бейсенғалиева Айсұлу, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (1988) атты кітаптан

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*