ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тілтаным

«Шымкент» атауы туралы ғылым сөзі де әрқалай

әкімшілік 07/11/2018 311 рет қаралды

Ыспан

 

Ғылымда Шымкент сөзі үш түрлі төркіндетіледі. В.Бартольд, В.Радлов, Э.Мурзаев, Г.Потанин және басқа да зерттеушілердің айтуынша, ол:

 

— арап және грек тілдеріндегі чаман/чимен, яғни қала-бақ, жасыл қала және шөп, пішен,

— екіншіден, түркі тіліндегі шым-қала, шымнан жасалған қала,

— үшіншіден, парсы тілінде жасыл алқап, көк жайлау, бау

деген мәндегі чиминь-чемень сөздерінен таратылады [1-4].

 

Әдетте әлдебір сөздің неден шыққанына қатысты бірде-бір ілік таба алмай, аузымызды қу шөппен сүрткендей күйге түсетін болсақ, шымкент сөз-төркінінің келтірілген үш нұсқасы да дұрыс көрініп, қайсысы жаңсақ, қайсысы шын екенін айыра алмай, ойымыз он саққа кетеді.

 

Ырасында, мұндағы шым сөзі жасыл, жасыл бақ, көк жайлау дегенді білдіре ме? Шымның өзі де көктен және топырақтан тұрады. Яғни шым дегенде осының қайсысы негізге  алынып тұр деген сұрақ туады.

сүйрет: ru.sputniknews.kz

1-мақала, жалғасы бар

*Мақаланың толық нұсқасы «Шым қаланың «шым»-ы» деп аталады.

 

  1. Горбунов А.П. Географические имена в горах Центрально Азии //info@nata.kz
  2. Шымкент. Шырайлы Шымқала //massaget.kz сайтынан
  3. Шымкент //Уикипедиядан
  4. История и география //e-shymkent.kz сайтынан
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*