ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Шын сөзімен-ақ алушы біткенді алдап кеткен малшы шал

әкімшілік 28/11/2020 365 рет қаралды

cүйрет :Zasmeshi.ru 

Ыспан

 

Даналық, дарындылық деген нәрселер бүгінгінің басынан бақайшығына дейін мұздай боп қаруланып алған нанотехнолшылардан гөрі  …

 

… кешегінің түйе жетектеген қазағына қатыстырақ па деп ойлаймын.  Мысалы, бұрынғының оқымаған қазағы базарға барып, өзін көр, көзін көр, көзі көр деп жар салып,бір көзінің ақауы бар түйесін еш қыйналмай өз бағасына өткізіп жіберген ғой.

 

Яғни ол жарнама жасай отырып, өтірік те айтпай, түйенің кемшілігін ашық айтқан. Сүйте тұра, түйесін сата да алған. Үшіншіден, өзінің күнделікті күйбең тіршілігінің өзінен өнер шығарып, оны кішігірім көркем шығармаға айналдырып, ауыз әдебиетімізге өз үлесін қоса да алған.

Бұл бір ғана қарапайым қазақтың түйесін жетектеп бара жатып, жол бойы жасай қойған жарнама, тапқан амалы.

 

Ал бүгінде ондаған ғұламаның басын қосып, пәленбай ақша алып отырған бірлестіктердің жасаған жарнамасында бір шын сөз немесе бір шын сөзі бар жарнама да жоқ-деhлік.

 

Екіншіден, ғылымда күніне пәленбай жарнама тыңдап-көруге мәжбүр жұрт бірте-бірте мыйғұлаланып бітеді дейтін де мәлімет бар.

 

Яғни біздің ойымызша, жарнамаға қойылатын талаптың бірі, бастысы – оның көркем жасалуы, адам жанына көркем шығармаша әсер етіп, көңілін көркейтетін, ойын өсіретін болуы болса керек. Мысалы, тағы да әлдебір қарапайым қазақтың аузынан шыққан талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда деген жағымсыз іреңікті сөздің өзі шынайы да көркем әрі өтімді жарнама болар еді.

 

Сондай-ақ осы заманда-ақ жасалған Кілем таза, мысық ризаБай туысқан тапқан-ау!Жұрт сенің ақылыңмен дүниені төңкеруге болады деп жүр, сол рас па? дегендей жарнамалар да – осы эфирге шыққан, көпшіліктің тыңдауына арналған мәтіндерге қойылар көркемдік талабына толық сай келетін әдемі-ақ сөздер.

 

Ал айтайын дегеніміз – қашан да, қанша қойылып-берілсе де көркемдігі мен әртістерінің орындау шеберлігі сүйсіне көріліп-қабылданатын, ешқашан жалықтырмайтын Нұртас Адамбайып тобының Хом банкке қатысты жасаған екі жарнамасының неге екені белгісіз, әлеуметтік желіде сынға ұшырап, тыйым салынсын делініп, біраздан бері көрінбей кетуі еді.

 

Осындайда екі надан саналған айтушы мен тыңдаушының қайсысы қыйсық, қыйсығырақ деген ой келеді.

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*