«Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар

Ыспан
… Қазіргі Түлкібас атауы туралы әртүрлі аңыздар бар. … Есте жоқ ескі заманда түлкі басты әулие осы төбені мекен еткен екен, содан Түлкібасы әулие атаныпты деседі [1] екен.
Сірә, бұл өңірде Түркібас дейтін ғана емес, Түлкібас дейтін де аңыздың болуы, әуелі мұның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрысын анықтап алуды міндеттейді. Әсіресе ғылым-білім жетілген бүгінгі таңда тілші, тарихшы, жертанушы, елтанушы ғалымдар аңыз атаулыны нақты мәліметпен жарақтандыруы, Түркібасы не Түлкібас екенін долбарлай емес, анықтап айтуы тиіс-ақ.
Яғни ауылының Түркібасы аталғанын қалау – бір басқа да, олай аталғаны туралы нақты немесе қандай да нанымды мәлімет келтіру – бір басқа. Сөз жоқ, ойлау, қалау адамның өз ішінен ғана шығып қоймай, басқаларды да солай ойлататындай, сөзге келмей қолдататындай және жоққа шығара алмайтындай дерекке негізделгені жөн болады.
Шешім қабылдау – бар да, ол шешімді негіздеу, маңыздау, салмақтау – бар. Әкімнің әкімдігі шешім шығаруға қатысты батылдығынан, адалдығынан, көрегендігінен көрінсе, зерттеушінің зерделілігі сол шешімнің, дұрыс-ау деген ойдың шынымен дұрыстығына көптің көзін жеткізе білуінен көріне алмақ.
сүйрет: bilim-all.kz
2-мақала, жалғасы бар
*Мақаланың толық нұсқасы «Түлкібас» «түркі»-ден шыққан ба? деп аталады.
- Мырзахметұлы М., Байғұт М., Сахабат С. Түркібасы атын қайтарайық //ЕҚ, 04.10.17, № 190
Толық қосыламын