ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Тәуелсіздік тәттіден де тәтті мә?!

әкімшілік 14/12/2018 625 рет қаралды

Ыспан

 

«Тәуелсіздік! Тәтті екен ғой, тәтті екен!»

 

Бұл – Роза Рымбаеваның орындауындағы отаншылдық ән. Ән сөзі. Не деген сөз, не деген ән, не деген әншілік деп таңғалса да, тамсанса да болады.

 

Дегенмен …

 

әлдебір бала, бал бөбек балды, бүлдіргенді, торытты тәтті десе, оған сенер едік.

 

Ал бұл – қазақтың қазақ тілін сандыққа салып қойып, әлі орысша және енді оған аңғылша, қытайшаны қоса сөйлеп жүріп, екі сөзінің бірін папа, мама, понедельник, воскресенье деп шатып отырып айтқан – ән, шығарған – өлеңі.

 

Сірә, тәуелсіздіктің өзімізге не үшін, қаншалықты қажет екенін білмей-түсінбей-ақ, білгіміз-түсінгіміз келмей де, оның «тәттілігін» тамсана жырлап, әндеткенімізде әлемнің талай талант, дарыны жолда қаларлық. Мұндай әннен соң тәуелсіздіктің қадыр-қасиетін бұ дүниеде қазақтан артық түсініп-бағалайтын жұрт жоқ-ау деп жер-жаһанға жар салса да болардай.

 

Және бұл – кекесін емес, шындық та!

 

Қазақтың көбі «тәуелсіздік тәтті» десең, шын көңілмен келіседі. Тек ойы одан арыға бармайды да.

 

сүйрет: astana-akshamy.kz

 

Кілттік сөздер:

1 Comments

  1. Сара 15/12/2018

    Не деген мағынасыз сөз

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*