ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Тек М.Мақатаев басқаша еткен екен

әкімшілік 07/12/2020 467 рет қаралды

сүйрет : 123ru.net

Ыспан

 

Әлдеқалай «өртең» деген сөзді ұшыратып қап, Мұқағали соғыстан қыйрап, қыйналып қалған елдің …

 

… аз уақытта-ақ оңалып келе жатқанын «Көк шығып қалды өртеңге, Көгеріп бәрі кетсе екен» деп сүйреттеді емес пе деген ой келген.

 

Сүйтсем ол «Көк шығып қалды күңгейге» деген екен.          

 

Дегенмен ештеңесі жоқ.

 

Ал өртең біріншіден, әлдеқалай әлде әдейі өрт қойылып, өсімдік дүниесі жаңартылған жер. Мысалы, құлақ әлде жадымызда «малды өртеңге жай», «өртеңге айда» деген сөз бар.

 

Екіншіден, өртең аспаннан түспеген, латын-грек тілінен алынып, әлдеқайдан арбаланып әкелінбеген.

 

Бар болғаны – тілде бұған дейін болған өрте етістігіне тағы да әуелден болған «-аң/ең» жұрнағы жалғанып, «қолдан құрастырылып» әлде әлдебір ауыздан шығып кетіп, айтылып қалып жасалып кеткен.

 

Кездейсоқ жасалып кеткенімен қоймай, аңдаусызда сөзге айналып та үлгерген.

 

Яғни қазақ жұтаң, қысаң, қуаң, суаң, қартаң, ашаң, жалаң, қараң, сылаң, алаң, ертең үлгілеріне ұқсатып жаңа сөз жасай салған және мұндай жеңілтектігі үшін ол кезде …

 

неге тілде жоқ, бұрын болмаған сөзді жасап, жоқтан бар етесің,

— неге құйттай ғана қазақ тілін қолдан көпіртіп көп етесің,

— тіл сенің ойыншығың ба еді                                             деп ешкім де ақылгөйсімеген.

 

 

Үйткені қазақ тілінің бағына орай, ол кезде олай ететін кеңестік қазақ ғұламалары болмаған.

 

 

Ал Мұқаң :

Көк шығып қалды күңгейге, Көгеріп бәрі кетсе екен.

Көрінбй кеткен бір бейне Көлбеңдеп алдан өтсе екен.

 

Төксе екен көктен ақ жауын, Ақ жаулық самал алса екен.

Жабырқап қалған тауларым Жадырап сәтте қалса екен.

 

Өте алмай сонау көк белден, Шымырлап сағым қайнаса.

Көгеріп қалған бөктерден Көпсітіп жылқы айдаса.

 

Шыңдардан ұзап шыға алмай, Шынарға бұлттар байланса.

Бұлақтар үркіп құландай, Құйылса төмен сайлардан.

 

Сәбилер шулап жан-жақтан, Жағасын кезсе жылғаның.

Үздікте-создық аулақтан Естілсе үні тырнаның

деген.

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*