ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Түйедей өгізді тоқпақтай қошқардың бір-ақ соғып өлтіру оқыйғасы

әкімшілік 24/12/2020 368 рет қаралды

сүйрет : Mqltv.com 

Ыспан

 

Бұл өлтіру өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Түлкібас ауданы Балықты ауылында бір өзбек үйінің ауласында болған еді. Оқыйғаны өз көзімен көрген …

 

… Маймақып Қанай ақсақалдың айтуынша, олар есік алдындағы тапшада шәй ішіп отырады. Сол сәттің бірінде мұрнына шынжыр өткізілген бір пілдей өгіз қорадан шыға келіп, аула ішіндегі астаудан су ішіп тұрған шағын ғана семіз қошқарды бір мүйізімен іліп алып аспанға атып жібереді.  

 

Астаудың арғы бетіне үш-төрт метірге барып топ ете түскен қошқар сәл ғана жатып орнынан тұрады да, шегіншектей жөнеледі. Содан он-онбес қадамға шегініп, құйрығы қақпаға тірелгенде бар пәрменімен алға қарай шауып келіп, еш қамсыз су ішіп тұрған өгізді қақ маңдайдан бір соғады да осымен іс бітті, кегім қайтты дегендей бұрылып кете беріпті.

 

Ал атан өгіз біраз теңселіп тұрады да, гүрс етіп құлап, төрт аяғы төрт жақа кеткен екен.  Әлі де салмақ қосады деп отырған өгізінің оқыстан тұяқ серпігеніне іші ашып қалған өзекең жүгіріп барып жаны көзіне көрініп жатқан шіркіннің тамағын орып жіберіпті. 

 

Ійә, ажал аяқастынан, көзді ашып-жұмғанша-ақ жаныңа жетіп келеді дегенге сенбейтіндер қаншама.

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*