Түркі әлемінің қапыда кеткен қасқыры

Ыспан
Шын батыр, шын мықтыны жаулары жеңбейді. Бірақ бұл – оларды ешкім ала алмайды деген сөз емес. Қай құрқылтайдың да бір сұрқылтайы болмай қалмайды. Олай дейтініміз – …
… Яссауи феномені [1] кітабының айтуынша,
Қожа Ақымет Ыйассауыйдың Ыптықар атты бабасы жауды көрсе жараған, шетінен қырып талаған қас батырдың өзі болыпты. Түркі жұртының бас қолбасшысы болғандықтан, көпшілік оны «Түркібасы» атапты.
Түркібасының атын естігеннен-ақ тізелері дірілдей жөнелетін дұшпандары одан қалай да құтылуды ойлап, бірде оның үйіне мыстан кемпірді жібереді де, қойнындағы қатынынан сыр тартқызып, оның ара-тұра тау арасына жалғыз кетіп, сонда үш күн бойы намаз оқып, тағы үш күн бойы мастықтан ес жия алмай, былбырап ұйықтап қалатынын біліп алады.
Аңдыған жау қойсын ба, күндердің күнінде аңсыз ұйықтап жатқан батырды жаулары жабыла талап мерт қылады. Содан жұрт ол жерді Түркібасы қаза тапқан жер атап, кейін келе бұл мекен Түркібас, онан соң Түлкібас аталған дейді.
Ійә, аталған аңыз да, аудан оратасындағы биік төбенің «Түркібасы әулие» атануы да бұл өңірдің бір заманда Түркібас атанғанына меңзеп-ақ тұр.
сүйрет : Express-k.kz
- Керімбаев С. Яссауи феномені Отбасы хрестоматиясы А., 2017, 456 б. – Түркібасы, 43-44-б.
Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар
- «Түркі» деуге не негіз? — http://turki.kz/t-rki-deuge-ne-negiz
- «Түркі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negizi
- «Түлкі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negiz
- Көпшілік: дұрысы — Түлкібас емес, Түркібас дейді екен — http://turki.kz/k-pshilik-d-ry-sy-t-lkibas-emes-t-rkibas-dejdi-eken
- Ғылым: «Түлкібас емес, Түркібас» депті, ал дәлелі … — http://turki.kz/y-ly-m-t-lkibas-emes-t-rkibas-depti-al-d-leli
- «Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар — http://turki.kz/t-lkibas-t-lkibasty-ulieden-shy-an-degen-de-bar
- Түргеш қағанатының ордасы Түлкібаста тұрған ба? — http://turki.kz/t-rgesh-a-anaty-ny-ordasy-t-lkibasta-t-r-an-ba
- Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба? — http://turki.kz/ajta-ajta-t-rkibas-t-lkibas-bol-an-ba
- Бартольдтың Түлкібас емес, Түркібас дегені ырас па? — http://turki.kz/bartol-dty-t-lkibas-emes-t-rkibas-degeni-y-ras-pa
- Бартольдтың Түлкібас туралы өз сөзі — http://turki.kz/v-bartol-dty-t-lkibas-turaly-z-s-zi
- «Түлкібас» пен «Түркібас» туралы Бартольд сөзінің мәнісі — http://turki.kz/tulkibas-pen-turkibas-turaly-bartold-sozining-manisi
- Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па? — http://turki.kz/al-ghylym-ne-dejdi-tulkibas-pa-turkibas-pa
- Алыстағы түріктің қазақ жеріне қатысы — http://turki.kz/alystaghy-turikting-qazaq-zherine-qatysy
- Түркі әлемінің қапыда кеткен қасқыры — http://turki.kz/turki-alemining-qapyda-ketken-qasqyry
- Түлкінің басына байланған бақ па еді — http://turki.kz/tulkining-basyna-bajlanghan-baq-pa-edi