ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

«Түсік – ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па?

әкімшілік 17/04/2019 307 рет қаралды

Ыспан

 

Дәрігерлік саладан бір қауым сөздік шығарып, тілі, діліміздің қазақшалануына үлкен үлес қосып жүрген Мухамбедия Ахмет-Төре ағамыз өзінің жеке парақшасында …

 

… « …маған сенбесеңіздер 106 000 сөзді қамтыған үлкен ҚАЗАҚ СӨЗДІГІНЕ көз жүгіртіңіздерші. «Түсік» деген ай-күніне жетпей, шала-жансар немесе өлі, ерте түсіп қалған шарана, шақалақ» [1] деп тұр дейді де, өз тарапынан «ал түсік-тің орысшасы – недоносок (преждевременно рожденный плод)» [2-3] дегенді қосады.

 

Кез келген таласқа төреші болуы тиіс Бас сөздікте де:
«Түсік – … 2. Ай-күніне жетпей, не ерте туылған шарана. Ақбота алғаш құрсақ көтергенде қатты ауырып, түсік тастады (Д.Досжанов, Кісі)» [4] делініп, түсіндірмесі – туылған, келтірген мысалы – тасталған деп, бір-біріне қайшыласып қалыпты.

 

Ырасында, түсік пен ай-күніне жетпей туу, недоносок дегендер бір нәрсе ме?

 

Мысалы, арнайы әдебиетте 28 аптаға дейінгі түсік немесе жүктіліктің үзілуі де, одан кейінгі шала туылған немесе мезгілінен бұрын босану саналады [5-6] әрі түсік түсуі, тасталуы үшін ұрық әуелі өледі [7] екен.

 

Яғни түсік-ті ай-күніне жетпей, не ерте туылған [1, 4] деп анықтаған екі Сөздік те өтірікші деген сөз.

 

Сондай-ақ түсік-тің орысшасы недоносок емес, выкидыш та, недоносок – шала туған болса керек. «Недоносок – ребенок (или детеныш), родившийся до истечения нормального срока беременности – Ведь она могла родить мертвого или недоноска» [8] деген анықтама, мысал да осыны ырастайды.

 

сүйрет: Posta.com

 

1. Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің бір томдық үлкен түсіндірме сөздігі, құраст. Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов, Р.Шойбеков т.б.), А., 2013, 1488 б.
2. Мухамбедия Ахмет-Төре, 10 ч. (10 сағат бұрын) 13.02.19, 13:15
3. Медицина терминдерін қалай қазақшалап жүрміз? //Егемен Қазақстан, 06.06.18
4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 14-т. (М.Малбақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят), А., 2001, 800 б.
5. Шала туылған бала. Күтім және тамақтандыру ерекшеліктері //https://studopedia.info
6. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері //https://studopedia.org
7. Что такое выкидыш //https://www.gazeta.ru/science/2012/04/28
8. Значение слова «недоносок» //https://kartaslov.ru

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*