ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Әуелгі «Түркібас»-тың өзінен-өзі «Түлкібас»-қа айналуы мүмкін бе?

әкімшілік 14/10/2018 1890 рет қаралды

Ыспан

 

Зерттеуші Д.Қыдырәлі әуелгі Түркібас сөзінің құрамындағы «р»-ның сөйлеу тілі, жұрт аузында «л»-ға айналып, Түлкібас болып кетуі әбден мүмкіндігін жазады [1].

 

Алайда аталмыш мақалада осы «р-л» айналымына қатысты бір сөздің екі нұсқасының мысалы ретінде салыстырылған қаперімде мен қапелімде-нің екеуі – екі басқа сөз.

 

Мұсылманның екінші нұсқасы делінген мұсырман да – қазақ тілінде, сөздіктерінде жоқ және мұсылман-ды орыстың басурман деуіне еліктей айтудан шыққан бұзық сөз сыңайлы.

 

Залал мен зарар болса – екеуі де далал және дарар деген әрі мағыналары толық бірдей емес арап сөздері [2].

 

Жалпы қазақ тілінде түлкі, түркі, түлік, түрік сыйақты өзалдына «л» немесе «р» арқылы айтылатын сөздер өте көп, дегенмен олардың рұқсатлұқсатұрықсатұлықсат сыйақты «р»-дан «л»-ға ауысып жататыны саусақпен санарлық қана.

 

Олай болса, Түлкібас Түркібас-тан шыққан, алдыңғы соңғының дыбыстық түрленімі деп, бұл жайды атау ауысуының бірден-бір дәлел ету негізсіз, нанымсыз болады.

 

сүйрет: interesnoznat.com

6-мақала, жалғасы бар

*Мақаланың толық нұсқасы «Түлкібас» «түркі»-ден шыққан ба? деп аталады.

  1. Қыдырәлі Д. Түлкібас атауы қайдан шыққан? //Okg.kz сайтынан, 20.03.18;
  2. Мамырбекова Г. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі, А., 2017, 656 б.
Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. Орынбай 05/11/2018

    Менің білуімше, Бартольд өз уақытында сол жергілікті түлкібастық қариядан Түлкібас атауының себебін сұраған, сонда қария сөздің түркібасы дегеннен шығуы мүмкін екені туралы болжам айтқан. Сондықтан оны ақиқат деп қабылдауға болмайды. Түркібасы дегеннен шықты деуге бұлтартпас тарихи жазба дерек болуы қажет. Олай болмаса əркім: » баяғыда бір атам солай деп еді» деп жұртты шатастыра береді.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*