ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

«Ұлттық» деуде не мән бар?

әкімшілік 11/07/2020 261 рет қаралды

 

Ыспан

 

Басқа жер, басқа елде емес, Қазақстанның өзінде, Нұрсұлтан деген астанасында…

 

… барлық күрес түрлерінен төрт кілемде өтіп жатқан әлем біріншілігі. Қазаққа бұдан артық не керек дерлік-ақ.

 

Дегенмен, төрт кілемнің бірінде қазақ ыспортшысы, басқа елдік қазақ қандасымыз немесе қазақ ыспортшысын жеңген, яғни ол жеңіске жетіп жатса, біздің ыспортшының жұбаныш белдесуге қатысуына жол ашатын ыспортшы күресіп жатады да, біз басқа кілемдегі өзімізге еш қатысы жоқ немесе қатысы шамалы әлдебір  екі ыспортшының күресін көріп отырамыз.

 

Тек күрестің ортан беліне жетіп қалған тұста теле жүрпгізушінің батылы барып, теле түсіргіні басқа кілемге ауыстыруын сұрап, ол өтінішін қабылдаған режиссер-мырзаларға ырзалығын білдіріп, рақыметін айтып жатады.

 

Сонда оларға бәрібір ме немесе мұны әдейі істей ме? Әлде біден-бір ұлттық ыспорт теле арнасының  режиссерлері қазаққа қай кілем керектігін ажырата алмайтын топас па?  Ондай болса,  тізгінді теле жүргізушілерге беріп қойып, солардың айтуымен жүріп отыруы керек қой.

 

Екіншіден,  Қазақ ұлттық ыспорт теле арнасының күз айында, осы күрес тікелей түсірімде жүріп жатқан сәтте келісім-шарт жасап қойған едік деген болып, қазақтың, қазақ елінің ұл-қыздары күресіп жатқан әлем біріншілігін былай ысырып қойып, құрамы тек жер жүзінің ақша үшін жүрген таяқдопшыларынан тұратын «Барыс» ойынын ауысып кеткен де жайы бар.

 

Үшіншіден, қазақ үшін аса маңызды ыспорт – Көкпар бұл телеарнада ілеуде бір рет, жарнамалық мақсатта ғана көрсетіледі. Сонда бірден-бір ұлттық ыспорт теле арнамыз тұрып, біз бірден –бір ұлттық ойынымыз – Көкпарды ғалам тордан ғана көруіміз керек пе?

 

Яғни қазақ билігінің шешімімен ашылып, қазақтың  ақшасына жасалып отырған және жақында ғана пәлен жылдығы болып, тек мақталып-мадақталудың астында қалған Қазақ ұлттық ыспорт теле арнасының мақсаты не деген сұрақ туады?

сүйрет : yandex.kz

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*