ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Жұрт қатында қайын жұрт болады дейді, ғылым ше?

әкімшілік 16/09/2018 6204 рет қаралды

 

Ыспан

 

Менің қайын жұртым – Шоқан ауылы ма деп қалдым ғой [1].

Бұл – Шалқар радиосы, Жайдарман хабарын жүргізуші келіншек сөзі.

 

Қайын жұрт деп үйленген жігіт пен тұрмысқа шыққан қыздың жағынан туысатындарды айтады.  … Осылайша келіншегі немесе күйеуінің елі, руы адамға қайын жұрт   … Жігітке әйелінің төркіні, ал келіншегіне күйеуінің туысқандары қайын жұрт болып табылатыны белгілі … [2].

Бұл – Ана тілі газетінен алынған мақала үзіндісі.

 

Фейісбүк бетінде де Келінде қайынжұрт деген болмайды деп жатады ғой. Сонда қайыната, қайынене, қайынсіңлі, қайынбике, қайны дегендер кімдер? Осының барлығы жиылып келіп жұрт болмай ма? деген мәселе көтеріліп (С.Абылбекова, 01.09.18), бұған біраз қыз-жігіт жоқ деп жауап бергенімен, көпшіліктің қатында да қайын жұрт болады деп есептейтіні байқалды.

 

Бірі – қатында қайын жұрт «болады» деп, бірі – «болмайды» деп бәстесіп қалған қыз бен жігіт жақында ғана жарық көрген Қазақ тілінің 15 томдық сөздігіне жүгінбек болып, сөздіктің «жұрт», «қайын» сөздері тұрған беттерін ашып қараса,

 

жұртты, жай жұртты былай қойып, академиялық сөздіктің өзі Қыз беріп, қыз алысқан екі елдің қыз бен күйеуге жақындығын білдіретін сөз [3] және Күйеу үшін қалыңдықтың туған елі, қалыңдық үшін күйеудің туған елі ... Әйелінің төркін жағы (ер адамға қатысты) [3-4] деп, мұны «қайын» сөзінде – олай, «жұрт» сөзінде – алай, яғни әр бетінде әрқалай түсіндіріпті. Әрі ешқайсысында да қатынның қайын жұрты дегенді ырастап-құптарлық мысал келтіре алмапты.

 

Қалай ойлайсыз, кімі – өтірік, кімі  – ырас?

 

сүйрет:tengrinews.kz

  1. Радио, 1065, Жайдарман хабары, 29.09.15, 13:32
  2. Қажыкен С., Қайын жұртыңды қадір тұт //Ана тілі, 28.07.16, 11-б.
  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 10 томдық, А., 1980, 5-т., 640 б.
  4. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 15 томдық, А., 2011-ж.
Кілттік сөздер:

6 Comments

  1. Раиса 07/10/2018

    Бүйректен сыйрақ шығармаса жүре алмайды-ау деймін бұл жұрт. Əрине, күйеуге тиген қызда да, үйленген жігітте де қайын жұрт болады. «Қатын» — демей-ақ, сыпайылап айтқан дұрыс болады, халайық. Əйел баласын қалай кемітуге сылтау таппай жүрсіздер ме? Өз аналарыңның да əйел қатарына жататынын ескергейсіздер.

    Ответить
    1. Ыспан 24/11/2018

      «Қатын», «қайын» деген үндестік үшін алынды және оны дөрекі сөз деп есептемеймін де. Кеңестік заманда солай болған. ал әйелде қайын жұрт болатын-болмайтынын екінші мақалада негіздеп жаздым.

  2. Күйеуге тиген қыздың барған (келген) жұрты болады, ал үйленген жігіт үшін келіншегінің елі қайын жұрт болады.

    Ответить
    1. Ыспан 24/11/2018

      Ал әйелде қайын жұрт болатын-болмайтынын екінші мақалада негіздеп жаздым.

  3. Жантеке 27/11/2018

    КЕЛІН ҰЗАТЫЛЫП КЕЛІП ҮЙДІҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАҒАННАН КЕЙІН СОЛ УЙДІҢ..СОЛ РУДЫҢ..АДАМЫ..СОЛ УЙДЕ ТУҒАН БАЛАСЫ ҚАЙЫН БАЛА БОЛМАЙДЫ..СОДАН АҚ БІЛЕ БЕРІҢДЕР. ӘЙЕЛДІҢ СОДАН БАСТАП БАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ УЙДІҢ СОЛ РУДЫҢ МОЙНЫНДА..ӨЛГЕНДЕ АРУЛАП ЖЕРЛЕУІНЕ ДЕЙІН. АЛ КҮЙЕУ БАЛАҒА ҚАЙЫН ЖҰРТЫ ЕШҚАНДАЙ ЖАУАПТЫ ЕМЕС.

    Ответить
  4. Жұмакүл 13/12/2018

    Қайын жұрт болады

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*