ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Жарқ етпес қара көңлім неғылса да

әкімшілік 22/03/2020 638 рет қаралды

Ыспан

 

– Тық-тық-тық, тық-тық-тық, тық-тық-тық-тық, тық-тық-тық-тық!

– Бұл кім-әй, қаққан есікті?

 

– Кім болсын, мен ғой, Финдлей.

– Қойсаңшы мұндай кесіпті.

– Қоймаймын! – деді Финдлей …

 

Дұрыс па, бұрыс па, бұл – бұрынғы қазақтың «кәсібі», тілдесімі.

 

Ал бүгінде қай есікке бармайық, сыңғыр-сыңғыр еткізіп қоңырау басамыз, қоңыраулатамыз. Сонда аржақтан «кто там» деген бір дауыс гүр ете қалады.

 

Бұл – кімнің дауысы?

 

Мысалы, бұл – әуелден таза қазақ ауылында таза қазақ болып туып, өмірден де таза қазақ болып-ақ өткен, кеңестік кезеңде тіл-әдебиет институтында істеп, зейнетке шыққан, ұлтшылдық, ұлтжандылығы Асыл апамыздан да асып кететін құрбысының дауысы. «Ай дер Ажаның» дауысы.

 

Сірә, бала-шаға, еліккен-желіккен емес, қалыпты қазақ «бұ қайсың?» десе болар, жарасар еді.

Дегенмен, елді, жерді айтып еңірегенде етегі жасқа толатын қатардағы қарапайым әрі «нағыз қазақтың» өзінің тілге деген шын көңіл, ақ тілегі осыншалық сұп-сұрғылт, қап-қара.

 

Балық басынан шіріп, бұлақ та басынан тұнар еді. Яғни қалған жылтырақтың жайын осыдан-ақ біле берсе болады.

 

Болмайтын нәрсе болмайды-ақ, неғылсаң да.

сүйрет : cameralabs.org

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*