ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Жержаһанға жат жаным

әкімшілік 17/01/2021 145 рет қаралды

 

Ыспан

 

 

Бір жігіттің сұлтаны қатыным сұлу болғанымен жылуын көре алмадым деп жылады. Тек жылайтын жөні бар да, жоқ та еді. Бар болатыны – …

 

 

… ырасында, дүние әуелде солай, ол ойлағандай жаралған. Мысалы, не нәрсенің де мазмұны пішінін, пішіні мазмұнын тудырады, бір-бірімен байланысты болады, бірінен-бірі шығады.

 

 

Іші қандай болса, сырты да сондай, сырты қандай болса, іші де сондай, соған жақын болады. Өлі-тірі дүниенің қай-қайсысының да сырты жылтыр, іші бұдыры болмайды. Сыртына қарап ішін тануға, ішін біліп сыртын көруге болады.

 

 

Қазақ мұны іші – алтын, сырты – күміс деп сыйпаттайды. Міне, осы негіз бойынша көрікті қызға ғашық болғанның бәрі сұлулықтан басқаны емес, бірінші кезекте жылулық, жылулықты да  күтеді. Бұл екеуін бір нәрсе көреді, бірінсіз бірі болмайды, бірінсіз бірінің күні жоқ деп түйсінеді.

 

 

Ал Жоқ болатыны – ол сұлу болған жердің бәрінде жылу бола бермейтінін, жылқы аласы ғана сыртында, ал адам аласы міндетті түрде ішінде болатынын ескермеген еді.

 

 

Яғни табиғатттың төл перзенті – адам атаның одан алыстаған сайын және уақыт өте келе астамсып, ала-құлаланып, іші мен сырты әрқалайланып, жер жаһанға жат болып кеткені – бір анық.

 

 

Сол себепті қазақтың жылқы кіснескенше, кісі сөйлескенше дейтінінің бір бөлігі жарымжан тартқан.

 

Балықшы балықшыны алыстан танитынымен, әсіресе қазақтың бірін-бірі жақын жүріп, жанында жатып та тани қоюы, танығанымен де қабылдай алуы екі талай.

 

Сірә, бүгінгі таңда  біз үшін тану да, қабылдау да – тек мәжбүрлік пен амалсыздықтан ғана болатын нәрсе.

 

 

сүйрет :  Dnr-live.ru

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*