ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тілтаным

17-мақала: «Түлік басы» тіркесінің «Түлікбас» деген сөзге айналу себебі

әкімшілік 12/01/2022 254 рет қаралды

 

сүйрет :  ianed.ru 

Ыспан

 

Әдетте, жалпы сөз бар да, қолданылатын сөз және жиі қолданылатын сөз бар. Бұл үшеуінің жайы үш түрлі. Мысалы, айтылмайтын немесе сирек айтылатын сөз …

 

кез келген тұлғада бола береді. Үйткені, қолданылмайтындығы себепті оның тұлғасы қандай болмасын, одан ешкімге ешқандай қолайсыздық тумайды.

 

Ал қолданылатын сөздің айтуға жеңіл, қысқа-нұсқа болғаны дұрыс та, бұл әсіресе жиі, өте жиі қолданылатын сөзде айрықша қажет болып, ол адамның ақылы мен еркінен тыс ықшамдалуға, дұрысталуға ұшырайды. Олай болмай тұра алмайды.

 

Сондай-ақ қалыпты сөз – кіріккен сөз. Кіріккен сөз бөлініп-жарылмай, бір деммен, тұтас айтылады. Мысалы, Түлкібас, Түркістан және Түлік/бас сөздерінің үшеуі де үш буынды болғанымен, соңғысы тіркесіп тұрған екі сөзше, ішкі жігі сезіле айтылса, Түлкі/бас/ы, Түлік/бас/ы дегендерде сөз тіпті үш бөлікке бөліне дыбысталады.

 

Олай болса, о баста түлік басы деген сөз тіркесі ретінде пайда болған түсінік жер-су аты болуы себепті өте жиі қолданылатын болады және уақыт өте келе атаулану, атау сөзге айналу «жолына түсіп», әуелі Түлікбасы түрінде бір сөзше, тұтастырыла айтылып-жазылып-бағылады.

 

Мұнан соң ауыз қалауы мен қыймылы арқылы-ақ өзін сөз емес, сөйлем (синтаксистік құрылым) етіп тұрған «-ы» тәуелдік жалғауынан арылып, Түлік/бас деген атау сөзге айналады.

 

Ал енді бұл Түлікбас қалай Түлкібас-қа айналады деген сұрақ туады.

 

Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар

  1. «Түркі» деуге не негіз? — http://turki.kz/t-rki-deuge-ne-negiz
  2. «Түркі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negizi
  3. «Түлкі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negiz
  4. Көпшілік: дұрысы — Түлкібас емес, Түркібас дейді екен — http://turki.kz/k-pshilik-d-ry-sy-t-lkibas-emes-t-rkibas-dejdi-eken
  5. Ғылым: «Түлкібас емес, Түркібас» депті, ал дәлелі … —  http://turki.kz/y-ly-m-t-lkibas-emes-t-rkibas-depti-al-d-leli
  6. «Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар — http://turki.kz/t-lkibas-t-lkibasty-ulieden-shy-an-degen-de-bar
  7. Түргеш қағанатының ордасы Түлкібаста тұрған ба? — http://turki.kz/t-rgesh-a-anaty-ny-ordasy-t-lkibasta-t-r-an-ba
  8. Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба? — http://turki.kz/ajta-ajta-t-rkibas-t-lkibas-bol-an-ba
  9. Бартольдтың Түлкібас емес, Түркібас дегені ырас па? — http://turki.kz/bartol-dty-t-lkibas-emes-t-rkibas-degeni-y-ras-pa
  10. Бартольдтың Түлкібас туралы өз сөзі — http://turki.kz/v-bartol-dty-t-lkibas-turaly-z-s-zi
  11. «Түлкібас» пен «Түркібас» туралы Бартольд сөзінің мәнісі — http://turki.kz/tulkibas-pen-turkibas-turaly-bartold-sozining-manisi
  12. Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па? — http://turki.kz/al-ghylym-ne-dejdi-tulkibas-pa-turkibas-pa
  13. Алыстағы түріктің қазақ жеріне қатысы — http://turki.kz/alystaghy-turikting-qazaq-zherine-qatysy
  14. Түркі әлемінің қапыда кеткен қасқыры — http://turki.kz/turki-alemining-qapyda-ketken-qasqyry
  15. Түлкінің басына байланған бақ па еді — http://turki.kz/tulkining-basyna-bajlanghan-baq-pa-edi
  16. 16-мақала: Түлікбас өңірі «Түлік басы» деп те аталған — http://turki.kz/16-maqala-tulkibas-ongiri-tulik-basy-dep-te-atalghan
  17. 17-мақала : «Түлік басы» тіркесінің «Түлкібас» деген сөзге айналу себебі — http://turki.kz/17-maqala-tulik-basy-tirkesining-tulikbas-degen-sozge-ajnalu-sebebi/
  18. 18-мақала : «Түлікбас»-тың «Түлкібас»-қа айналу себебі — http://turki.kz/18-maqala-tulikbas-tyng-tulkibas-qa-ajnalu-sebebi
  19. 19-мақала : «Түлкібас»-тың «Түлікбас»-тан несі артық? — http://turki.kz/19-maqala-tulkibas-tyng-tulikbas-tan-nesi-artyq
  20. 20-мақала : Әуелгі «Түрік басы»-ға «Түлік басы» атауының үстемелену себебі — http://turki.kz/20-maqala-auelgi-turik-basy-gha-tulik-basy-atauynyng-ustemelenu-sebebi/
  21. 21-мақала : «Түркібас»-тың ұмытылып, «Түлкібас»-тың қалу себебі — http://turki.kz/21-maqala-turkibas-tyng-umytylyp-tulkibas-tyng-qalu-sebebi/

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*