ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тілтаным

18-мақала: «Түлікбас»-тың «Түлкібас»-қа айналу себебі

әкімшілік 12/01/2022 254 рет қаралды

 

сүйрет :  fishki.net 

Ыспан

 

Енді әуелгі Түлікбас ауызекі тілде, сөйлеуде не себепті Түлкібас болып кетті дегенді талдап көрейік.

Бірінішіден, …

 

… Түлік/бас пен Түлкі/бас-тың екеуі де үш буынды бола тұра, алдыңғысы – тіркесіп тұрған екі сөзше бөліне, ішкі жігі сезіле айтылса, соңғысы – тұтас әрі тез айтылады

 

Екіншіден, Түлікбас пен Түлкібас-тың түлік және түлкі дейтін екі түрлі сөз арқылы құралып, соған сай  мағыналары да әртүрлі болғанымен, естілуде ол айырмасы аса байқалмайды және қалай, қайсысы айтылса да көбіне құлаққа етене таныс, атаулану дәрежесі жоғары түлкі-лік нұсқасын еститін боламыз, естігендей болып тұрамыз.

 

Үшіншіден, әңгіме түлік пен түлкі емес, өзара ұқсастығы олардан әлдеқайда жоғары Түлікбас пен Түлкібас деген құрамы күрделі сөз туралы болып тұрғандықтан, бұл сөздер ішіндегі «-ік» ‒ «-кі» айрымасы өте елеусіз болады.

 

Төртіншіден, Түлкібас әуелгі Түркібас пен Түлік/басы деген екі сөздің өзара ұқсатыла біріктірілуі, кіріктірілуі әрі Түлік/басы деген тіркестің, ойдың, түсініктің Түлкібас деген бір сөзге, атауға айналуы негізінде де пайда болу мүмкін.

 

Бесіншіден, айтушы үшін Түлік/бас деп, бір сөзді, атау сөзді екіге бөле, екі сөз ете айтып тұрудан гөрі Түлкібас деп тұтастыра айту әлдеқайда жеңіл әрі үнемді болады.

 

Сондай-ақ әлдекіммен тікелей қатынасқа түсіп тұрған жай жұрт үшін өзі айтып тұрған сөздің төркіні, қайдан шыққаны тіпті де маңызсыз болады. Ол қашан да айтар ойының қата саналса да, қарапайым көпке мәлім, тыңдаушыға түсінікті Түлкібас арқылы тезірек жетуін ғана ойлап тұрады.

 

Сірә, сөз төркініне мән беріп, бұл жердің әуелгі аты Түлкібас емес, Түркібас деу, мұны басқаға айтып жүру, әсіресе Бартольд сыйақты алыстан келген сыйлы әрі ғалым қонаққа айтып беру – онымен дастарқандас болуға шақырылып, сұхбатаса алатын ел ішіндегі ақсақал, ақылман, зыйалыларға ғана тән жайт. Әрі мұны Бартольдтың өзі де: неге түлкінің басы деп қызықтап, сұраған болуы мүмкін.

 

Ал жай жұрт мұндай тарихтың бірін де білмей, білейін де демей, қалай қолай болса, солай айтады. Яғни бұл түлік басы-дан шыққан, сондықтан Түлікбас дейік демей, жеңілдігі үшін-ақ Түлкібас деп, мәнін тіпті басқа етіп те айтып жүре береді.

 

Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар

  1. «Түркі» деуге не негіз? — http://turki.kz/t-rki-deuge-ne-negiz
  2. «Түркі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negizi
  3. «Түлкі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negiz
  4. Көпшілік: дұрысы — Түлкібас емес, Түркібас дейді екен — http://turki.kz/k-pshilik-d-ry-sy-t-lkibas-emes-t-rkibas-dejdi-eken
  5. Ғылым: «Түлкібас емес, Түркібас» депті, ал дәлелі … —  http://turki.kz/y-ly-m-t-lkibas-emes-t-rkibas-depti-al-d-leli
  6. «Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар — http://turki.kz/t-lkibas-t-lkibasty-ulieden-shy-an-degen-de-bar
  7. Түргеш қағанатының ордасы Түлкібаста тұрған ба? — http://turki.kz/t-rgesh-a-anaty-ny-ordasy-t-lkibasta-t-r-an-ba
  8. Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба? — http://turki.kz/ajta-ajta-t-rkibas-t-lkibas-bol-an-ba
  9. Бартольдтың Түлкібас емес, Түркібас дегені ырас па? — http://turki.kz/bartol-dty-t-lkibas-emes-t-rkibas-degeni-y-ras-pa
  10. Бартольдтың Түлкібас туралы өз сөзі — http://turki.kz/v-bartol-dty-t-lkibas-turaly-z-s-zi
  11. «Түлкібас» пен «Түркібас» туралы Бартольд сөзінің мәнісі — http://turki.kz/tulkibas-pen-turkibas-turaly-bartold-sozining-manisi
  12. Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па? — http://turki.kz/al-ghylym-ne-dejdi-tulkibas-pa-turkibas-pa
  13. Алыстағы түріктің қазақ жеріне қатысы — http://turki.kz/alystaghy-turikting-qazaq-zherine-qatysy
  14. Түркі әлемінің қапыда кеткен қасқыры — http://turki.kz/turki-alemining-qapyda-ketken-qasqyry
  15. Түлкінің басына байланған бақ па еді — http://turki.kz/tulkining-basyna-bajlanghan-baq-pa-edi
  16. 16-мақала: Түлікбас өңірі «Түлік басы» деп те аталған — http://turki.kz/16-maqala-tulkibas-ongiri-tulik-basy-dep-te-atalghan
  17. 17-мақала : «Түлік басы» тіркесінің «Түлкібас» деген сөзге айналу себебі — http://turki.kz/17-maqala-tulik-basy-tirkesining-tulikbas-degen-sozge-ajnalu-sebebi/
  18. 18-мақала : «Түлікбас»-тың «Түлкібас»-қа айналу себебі — http://turki.kz/18-maqala-tulikbas-tyng-tulkibas-qa-ajnalu-sebebi
  19. 19-мақала : «Түлкібас»-тың «Түлікбас»-тан несі артық? — http://turki.kz/19-maqala-tulkibas-tyng-tulikbas-tan-nesi-artyq
  20. 20-мақала : Әуелгі «Түрік басы»-ға «Түлік басы» атауының үстемелену себебі — http://turki.kz/20-maqala-auelgi-turik-basy-gha-tulik-basy-atauynyng-ustemelenu-sebebi/
  21. 21-мақала : «Түркібас»-тың ұмытылып, «Түлкібас»-тың қалу себебі — http://turki.kz/21-maqala-turkibas-tyng-umytylyp-tulkibas-tyng-qalu-sebebi/

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*