21-мақала: «Түркібас»-тың ұмытылып, «Түлкібас»-тың қалу себебі

сүйрет : caricatura.ru
Ыспан
Бүгінгі Түлкібас өңірі Түркібас төбесіне, ол төбедегі Түркібасы әулиеге, түркілік тарихына байланысты кезінде хатқа түспесе де, ел аузында …
Түркі басы, Түркібас аталған және түлкібастықтар мұны Бартольдқа 19-ғасырда-ақ айтқан.
Бұған қоса, жерінің шүйгіндігіне, сол шүйгіндігіне сай малының молдығына орай түлік басы деген де түсінік қалыптасып, оның Түлік басы – Түлікбас – Түлкібас деген бәлки, екінші, яғни жаңа аты пайда болған да, әуелде бұл екі атау алма кезек сапырылыстырылып қолданыла берген.
Түрікбасы – Түлікбасы, Түркібас – Түлкібас деген тұлға ұқсастығы да оларды айырып-ажыратпай-ақ ауыс-түйіс қолдана беруге негіз болып, қалай айтса да мағынаға ешқандай нұсқан келмейтін болған.
Сірә, уақыт өте келе оның түркі-лік те, түлік-тік те мәндері маңызсызданып, көмескі тартып, атауы, жер аты, ел аты екендігі ғана маңызды болып қалған да, айтуға жеңілдігі әрі әуезділігі себепті ел аузында түлік-тен шыққан Түлкібас аты белсенді қолданылып, тұрақтап кеткен.
Ал кешегі күнгі жұрт, жай жұрт Түлкібас-тың өларада пайда болып, жоғалып кеткен Түлік басы-дан шыққанын аңдамай, ұмытып қалып, оны арғы жадындағы және көзге көрініп тұрған Түркібасы-дан іздеп жүрсе, «Түркібас»-тан өзгерген деп ойласа керек.
Жергілікті жұрттың Бартольдқа: Түлкібас атауы Түркібас сөзінің бұрмаланған нұсқасы дегені – осының дәлелі.
Ійә, нақты дерегі бар аңыз да, ғылыми ақыйқат та, бұл іске бейтарап куәгер – Бартольд та бір ауыздан Түлік басы, Түлікбас, Түлкібас қана емес, Түрік басы, Түрікбас, Түркібас та мүмкін деп тұр.
Алайда бұл өңірге бұндай атты қыймайтындар да аз еместей.
Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар
- «Түркі» деуге не негіз? — http://turki.kz/t-rki-deuge-ne-negiz
- «Түркі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negizi
- «Түлкі» деудің негізі — http://turki.kz/t-lki-deudi-negiz
- Көпшілік: дұрысы — Түлкібас емес, Түркібас дейді екен — http://turki.kz/k-pshilik-d-ry-sy-t-lkibas-emes-t-rkibas-dejdi-eken
- Ғылым: «Түлкібас емес, Түркібас» депті, ал дәлелі … — http://turki.kz/y-ly-m-t-lkibas-emes-t-rkibas-depti-al-d-leli
- «Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар — http://turki.kz/t-lkibas-t-lkibasty-ulieden-shy-an-degen-de-bar
- Түргеш қағанатының ордасы Түлкібаста тұрған ба? — http://turki.kz/t-rgesh-a-anaty-ny-ordasy-t-lkibasta-t-r-an-ba
- Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба? — http://turki.kz/ajta-ajta-t-rkibas-t-lkibas-bol-an-ba
- Бартольдтың Түлкібас емес, Түркібас дегені ырас па? — http://turki.kz/bartol-dty-t-lkibas-emes-t-rkibas-degeni-y-ras-pa
- Бартольдтың Түлкібас туралы өз сөзі — http://turki.kz/v-bartol-dty-t-lkibas-turaly-z-s-zi
- «Түлкібас» пен «Түркібас» туралы Бартольд сөзінің мәнісі — http://turki.kz/tulkibas-pen-turkibas-turaly-bartold-sozining-manisi
- Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па? — http://turki.kz/al-ghylym-ne-dejdi-tulkibas-pa-turkibas-pa
- Алыстағы түріктің қазақ жеріне қатысы — http://turki.kz/alystaghy-turikting-qazaq-zherine-qatysy
- Түркі әлемінің қапыда кеткен қасқыры — http://turki.kz/turki-alemining-qapyda-ketken-qasqyry
- Түлкінің басына байланған бақ па еді — http://turki.kz/tulkining-basyna-bajlanghan-baq-pa-edi
- 16-мақала: Түлікбас өңірі «Түлік басы» деп те аталған — http://turki.kz/16-maqala-tulkibas-ongiri-tulik-basy-dep-te-atalghan
- 17-мақала : «Түлік басы» тіркесінің «Түлкібас» деген сөзге айналу себебі — http://turki.kz/17-maqala-tulik-basy-tirkesining-tulikbas-degen-sozge-ajnalu-sebebi/
- 18-мақала : «Түлікбас»-тың «Түлкібас»-қа айналу себебі — http://turki.kz/18-maqala-tulikbas-tyng-tulkibas-qa-ajnalu-sebebi
- 19-мақала : «Түлкібас»-тың «Түлікбас»-тан несі артық? — http://turki.kz/19-maqala-tulkibas-tyng-tulikbas-tan-nesi-artyq
- 20-мақала : Әуелгі «Түрік басы»-ға «Түлік басы» атауының үстемелену себебі — http://turki.kz/20-maqala-auelgi-turik-basy-gha-tulik-basy-atauynyng-ustemelenu-sebebi/
- 21-мақала : «Түркібас»-тың ұмытылып, «Түлкібас»-тың қалу себебі — http://turki.kz/21-maqala-turkibas-tyng-umytylyp-tulkibas-tyng-qalu-sebebi/