Ақаңның айтқаны: қытай жазуы – жазу емес, сызу ғана

сүйрет : Freepng.ru
Ыспан
Кей жұрттар жазу үшін әріп алмаған, таңба алған.
Жазу үшін әріп алмай, таңба алған жұрттың бірі – қытай. Мұның жазуы біздің таңбамыз түрлі.
Бізде, мысалы:
оо – арғын дегенді,
// – қыпшақ дегенді,
\\ – төре дегенді
білдіреді дейік.
Қытайда, мысалы:
«+» – ауыз дегенді,
«*» – ит дегенді
білдірсін.
Ал осы ауыз таңбасы мен ит таңбасы төмендегідей қатар тұрса,
«+» «*» – үреді деген
сөз болады.
Біздің жазуымыз әріпше болмай таңбаша болса, біз де арғын таңбасы мен төре таңбасын қатар қойып, арғын төресі деп оқыр едік.
Қытай жазу жүйесінің мысалы осы. Бұл жазуша сауаттанғанда, мұғалімнің дыбыспен де, әріппен де жұмысы жоқ. Әр сөзге арналған таңбаны танытса, сол таңбаларды қойдыра білсе, қытайша оқуды да, жазуды да біліп сауаттанғаны.
Ауыз деген, ит деген, үреді деген – үшеуінің жазуын оп-оңай үйреніп алдық. Қытайша қат білу қиын дегені қайда? Қиын жазу ұшыраған кезде, «қытай жазуы» деп мазақтайтындары қайда? Жоғарыда мысалға келтірген 2-3 сөздің таңбасын тану да, таңбасын қою да оп-оңай емес пе? Қиындығы қайда?
Мұның оңай болып тұрғаны – алған сөздің аздығынан. Қытай тіліндегі сөздің саны 10, 20, 30 болса, қатта 100 болса да, қытайша сауаттану оңай болар еді. Ондай болса, сөз саны 10 мың, 20 мың, 30 мың болса, ондай көп сөздің әрқайсысына арналған таңбасын тануға көп уақыт керек. Ондай көп таңбаны ұмытпай баста сақтау үшін басты көп әурелеу керек.
Қай әдіс жақсы //Тіл тағылымы, А., 1992, 358–360-б. («Жаңа мектеп», 1928, № 4, 3-11-б.)
Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар тізімі
- Ақаң қазақ әліпбиін Ильминскийден алып жасаған — http://turki.kz/a-a-aza-lipbiin-il-minskijden-aly-p-zhasa-an
- Ақаңның айтқаны : қытай жазуы — жазу емес, сызу ғана — http://turki.kz/a-a-ny-ajt-any-y-taj-zhazuy-zhazu-emes-sy-zu-ana/
- Ақаңның айтқаны : ағылшын ит деп жазып, шошқа деп оқыйды — http://turki.kz/a-a-ny-ajt-any-a-y-lshy-n-it-dep-zhazy-p-shosh-a-dep-o-y-jdy/
- Ақаңның айтқаны : орыс жазуы да оңып тұрған жоқ — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-orys-zhazuy-da-ongyp-turghan-zhoq
- Ақаңның айтқаны : мықты жазудың мысалы … — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-myqty-zhazudyng-mysaly/
- Ақаңның айтқаны : жалпы жазу атаулы екі-ақ негізді… — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-zhalpy-zhazu-atauly-eki-aq-negizdi/