Адасқан Абай ма, әлдебір ағай ма?!

сүйрет : twitter-com.aurebeshtranslator.net
Ыспан
Ійә, әсіресе әлдебір ағай мен аға-апайлар үшін …
… қатты айтылған-ақ сөз. Дегенмен, бұл тырнақ астынан кір іздеп, «қалай да ат шығаруды армандағыш» біздің ғана емес, кез келген зерделі жастың ойына келуі мүмкін-ақ сұрақ.
Әрі мұны олар сөзге келмей Абайдан көріп, бұнысы несі екен деп таң қаларына да күмән жоқ.
Мысалы, әлдебір үшінші ағай, яғни мұғалім пәленбай жеткіншектің алдында тұрып,
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына табылса да …
… деп, кеуде керуі, тіпті кімде, қандай пікір бар деуі мүмкін.
Сол кезде мұны мұқыйат тыңдап отырған баланың біріне жар деген жақсы, жағымды мәндегі жұбай емес пе, олай болса, оның әр ісіне дені дұрыс адам қыйнала шыдамақ түгілі қуануы керек қой, ал мұнда неге ол мазаққа қалып, қорланып тұр дейтін ой келмесіне кім кепіл?!
Ырас, жар сөзінің бұл мәні Бас сөздікте /1/ аса аңғарылмаған екен.
Бұған қоса, өзі де өлең, сөз жазып жүрген екінші бір жас бір сөйлемнің ішінде жар сөзінің екі рет қайталанып тұрғаны қалай деп ойлауы тағы мүмкін және …
…ойлап қана қоймай, бұл сауалдарын мұғалімге қойып қалып, тығырыққа тіресе не болады, қалай жауап береді?!
Әдетте, «бұл кісі Абай сөзін, мәтінін зерттеп-зерделеген ғалымдардың маңдайалдысы, оның әрбір сөзін жатқа білді, оған қатысты инедей қатені түймедей етіп көре қоятын» дейтін мақтау сөзді жиі естиміз.
Сонда осынша ғұлама, осынша жыл, осыншалық таңдап-талғаған, тамсана, ән сала оқыған өлеңде бұл қыйыс сөз қайдан жүр?
Ал біздіңше, мұның әуелгі, дұрыс нұсқасы
Шыдайды риза болып бар ісіне …
… түрінде болған. Яғни қата бірінен-бірі алып, көз жұма көшіруден, көшіре жазу мен оқудан кетіп келсе керек.
- Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. А., 2011-ж.
Абайға қатысты басқа мақалалар тізбегі :
- «Өлең — сөздің патшасы» емес, басқасы — http://turki.kz/le-s-zdi-patshasy-emes-bas-asy;
- «Өлең — сөздің патшасы» бола алмайды да — http://turki.kz/le-s-zdi-patshasy-bola-almajdy-da;
- Абайға жапқан жала бұл — http://turki.kz/abajgha-zhapqan-zhala-bul/;
- Ажал аузында жатқан сәттегі — http://turki.kz/azhal-auzynda-zhatqan-sattegi-tort-sekund/;
- Тақпақтау да өнер ме? — http://turki.kz/taqpaqtau-da-oner-me;
- Адасқан Абай ма, әлдебір ағай ма?! — http://turki.kz/adasqan-abaj-ma-aldebir-aghaj-ma;