ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Адасқан абыздың айтқаны

әкімшілік 23/03/2021 496 рет қаралды

cүйрет : Fi.pinterest.com  

Ыспан

 

Дүние кең болған соң, онда жүрген жұрт та көп. Сол көптің ішінде жүріп-ақ, көппен бірге, көпке ілесе адасқан адам да көп. Біреу жолдан, біреу ойдан адасады. Мысалы, …

 

… Шайбан шахтың : «Әй, осы сен адасып жүрген жоқсың ба?»  дегеніне,  ел аралап, жер кезген абыз қарт : «Адасқан мен емес, сен Шайбан шах, адасқанның алды жөн, арты соқпақ деуші еді, бірақ бұл жолы» адасқаның ақыйқат. «Ажалыңа бара жатырсың» деп, ажалын тура айтқанымен, мақалын бұзып айтты (Қазақ елі киножыры).

 

Сірә, анау-мынау көптің бірі емес, қазақтың Асан қайғысының аузынан айтылған бұл сөзді кім жазса да, мәтел  мәнін дұрыс тұжырмайтыны, тіпті шатыс шамалайтыны анық-ақ.

 

Үйткені «адасқан»-ның аты да, заты да біреу ғана және ол – «адасқан». Оның алды «жөн» бола алмайды.

 

Ал «жөн» болатын бір-ақ жайы бар. Ол – адасқан, адасып бара жатқан адамның өзі үшін қашан да алды тура да даңғыл жол да, арт жағы көмескі, соқпақ қана болып көрінетіні. Есін жыйып, кері қайтуы қыйын болатыны.   

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*