Ахмет-Төренің «аборт»-ына айтарым

сүйрет : Zen.yandex.ru
Ыспан
Қазақ, орыс тілдерін бірдей жетік білетін Мұқаңның сөз мағынасын ашып, нақтылауда асқан шеберлігіне әрі бұл сақалығын бүкіл қазақ мойындайтын зор бедел иесі екеніне күмән жоқ. Дегенмен, Айдың бетінде де дақ бар …
… Адам қанша асып-тасса да, сәт сайын мың құбылып тұратын шетсіз де шексіз дүниенің мың-мыйлон қыр-сырының бәрін білуі, үнемі біліп жүру, біліп тұруы мүмкін емес.
Мысалы, Мұқаң:
Түсік — зат есім, ал аборт — етістік, түсікті түсіру әрекетін немесе түсіп қалу процесін бейнелейтін сөз [1], аборт – түсік түсу, түсік тастау (өздігінен болса) немесе түсік түсіру, түсік тастату (әдейі жасалса) [2]. Яғни түсік аборт-тың орнына жүре алмайды, «ғылыми ұғымдарды шатастырмау үшін» аборт-ты аборт дей берейік дейді.
Алайда
«Аборт — етістік» емес, зат есім [3], не деген сұраққа жауап береді және Сампроизвольное или искусственное прерывание беременности [4-5] деп анықталады, яғни түсік те.
Тіпті сделать аборт, делать или не делать аборт дегендерден-ақ аборт-тың зат есімдік сипаты көрініп тұр. Қазақша да аборт жасайды, … жасапты деп, оны етістік арқылы ғана айта аламыз. Ал аборт деп қана қойсақ, ойымыз аяқталмай, оның жасалған-жасалмағаны көрінбей қалады.
Түсік-тің өзі түсу-ден, түсу деген етістіктен шығып, түскен нәрсені ғана емес, түсу-ді де білдіріп тұрғандықтан, аборт-ты түсік түсу, түсік жасау деп, бір сөзді екі етіп қабылдау, аудару артық болады. Яғни түсік деудің өзі жеткілікті.
Түсік – өздігінен жүреді, ал аборт – арнайы да жасалады делінер. Алайда түсікті де арнайы жасауға болады. Әрі бұл түсініктің басты және екеуіне де ортақ ұғымдық белгісі қайсы, түсіп қалу ма әлде арнайы жасалу ма десек, сөз жоқ, алдыңғысы болып шығады.
Жалпы әр тілде өзбетінше жасалатын өзара пара-пар түсінік атауларының бір сөз табында тұрмауы әбдән мүмкін және әлдебір түсініктің басқа тілдегі атауын жасау кезінде де оның бастапқы тілдегі нұсқаны үтір-нүктесіне шейін айнытпай қайталап тұруынан гөрі сәйкес түсінік тудырар-тудырмасын ойлау маңыздырақ.
Яғни Мұқаңның мұнысы — сыныққа сылтау іздеп, «түсік»-ті жарамсыз ету ғана.
Алдыңғы және келесі мақалалар
- Ахмет-Төренің «аборт»-ына айтарым — http://turki.kz/ahmet-torening-abort-yna-ajtarym
- «Түсік — ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па? — http://turki.kz/tusik-aj-kunine-zhetpej-tuu-deppiz-osymyz-durys-pa
- «Аборт» па, «түсік» пе — таразға тартайық — http://turki.kz/abort-pa-tusik-pe-tarazgha-tartajyq
- «Делать аборт — түсік түсіруді жасау» десек, бұған не дер едіңіз? — http://turki.kz/delat-abort-tusik-tusirudi-zhasau-desek-bughan-ne-der-edingiz
- Орыс көршісі соқыр шығып, бір көзі содан қысық қазекең — http://turki.kz/orys-korshisi-soqyr-shyghyp-bir-kozi-sodan-qysyq-qazekeng
- Ахмет төренің ов-шылдығы ұстап айтқаны — http://turki.kz/ahmet-torening-ov-shyldyghy-ustap-ajtqany
- Академик апамыз бен ағамыздың аласы мен шаласы — http://turki.kz/akademik-apamyz-ben-aghamyzdyng-alasy-men-shalasy
- Ахмет Төренің ажырағысы келмейтін асыл сөзінің аржағы — http://turki.kz/ahmet-torening-azhyraghysy-kelmejtin-asyl-sozining-arzhaghy
1. Мухамбедия Ахмет-Төре, 10 ч., 13.02.19, 13:15
2. Медицина терминдерін қалай қазақшалап жүрміз? //Егемен Қазақстан, 06.06.18
3. Аборт // https://ru.wiktionary.org/wiki
4. Ефремова Т.Ф. Новый словарь русского языка; Ожегов С.И., Шведова Н.Ю ТОлковывй словарь русского языка; Малый академический словарь русского языка //https://classes.ru/all-russian/dictionary-foreign-term-
5. Большой толковый словарь русского языка //https://slovar.cc/rus/tolk