ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Ахмет Төренің латын-гректік «қана» сөзінің қарапайым ғана қазақшасы

әкімшілік 14/03/2021 563 рет қаралды

сүйрет :1amaze.blogspot.com 

 

Ыспан

 

Қытайға – тамақ, еврейге – тек (фамилия) болмайтын сөз де, нәрсе де жоқ дейтін мәтел бар.  Дәл осылай және керісінше, қандай да қалыпты тілде әлдебір түсінік, оның атауы…

 

… жоқ деу үшін де «латын-грек» деп өңмеңдей бермей, өңмеңдей жөнелмей, ол тілді, оның сөздерін терең білу және әуелі ол сөзді дұрыстап іздеу керек.

 

Мысалы, Мұқаңның грек, латын тілінен енген … өзіне тән сипаты бар ерекше процесс [1] деп әспеттеп, аспандатып-бағатын «абсорбция» түсінігі, атауы қазақ тілінде болуы мүмкін еместей көрінері, сөзге келмей, мүмкін емес деріміз де хақ.

 

Алайда, абіші, ішіне және сорбцияжұту атты бөліктерден құралып, ішке тарту дегенді білдіретін абсорбция-ның қазақша аты оптау болады.

 

Бас сөздікке кірмей қалған оптау – сөйлеу тілімізде, әсіресе оңтүстікте қалыпты қолданыстағы сөз. Мысалы, үстел немесе дастарқан үстіндегі суды құрғақ шүперек, сорғыш қағазбен оптап-оптап алу, яғни жұтқызып-сорғызып алу деген бар.

 

Ал оптау-дың өзі қомағайлана асау, жалмау деген мәнге ие обу, оп-у, оп [2] етістігінен шыққан. Сөздікте көзі тоймайтын ашқарақ, қомағай, жебір деп кемістеу түсіндірілген обыр [2] да түйені түгімен, вагонды жүгімен жұту дегенді білдіреді.

 

Немесе

Арада жүрген асылды, Алды да ажал, жасырды. Опты да, жұтты қара жер, Атылған көктен жасынды (ММ)

дейтін жолдарды оқып көріңіз.

 

Мұнан басқа обығу (ашығу), обық (араны ашылып құнығу, ашқарақтану, қомағайлану), обырдай опты [2] және тартып кететін, жұтып алатын бос кеңістік мәніндегі оппа сөздері де ұсынылып отырған оптау-дың негізділігін көрсетеді.

 

Сондай-ақ абсорбция-мен түбірлес сорбент (поглощающий), сорбат (поглощаемый) терминдері де оптауыш, опқы және опталушы, обылғы түрінде оптау сөзіне жүйелене, біріздене қазақшаланады.

 

 

  1. Мухамбедия Ахмет-Төре Медицина терминдерін қалай қазақшалап жүрміз? //https://www.egemen.kz/article/169917-meditsina-terminderin-qalay-qazaqshalap-zhurmiz?fbclid; https://m.facebook.com/story.php?story_fbid;
  2. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 15 томдық, А., 2011-ж.
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*