ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Айдай сұлу ару деп, аңдамай алдым қойынға

әкімшілік 16/07/2020 2111 рет қаралды

сүйрет : Liveinternet.ru

Ыспан

 

Бұл ажалы қойнындағы жат жұрттық, беті жылтыр, көзі әдемі қыздан келген Еділ патша …

 

… айтса, айтып бармағын тістесе болатын сөз. Ал бізді өкінтетін де сәл басқа, бірақ осы жанымызға жат нәрсеге қатысты.

 

Терминді мүмкіндігінше қазақшалау қажеттігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берген кітабымды оқып шыққан бір дос-жар әрі ұлтжанды әріптесім «жазғаныңның бәрі дұрыс, бірақ мұның ешкімге, ешқандай қажеті жоқ» деген еді.

 

Әрине, мен одан тек қана мақтау, құрығанда қолдау күткенмін. Үйткені, ол сол кезде бұл бағытты ұстанатын екі-үш қана тіл маманының бірі еді.

 

Сірә, шын мәнінде ол мұны іштарлықпен, бірақ «біз терминді қазақшалап жіберіп, ғылымнан, еуро ғылымнан алыстамауымыз керек» дейтін дәстүрлі іреңкке салып айтқан-тын.

 

Сөз жоқ, іштарлық та, еуро бағдарлық, еурожандылық та – қазақ үшін қалыпты, етіміз үйренген нәрсе. Тек «Самородный сары алтын Саудасыз берсең алмайды Самарқанның бөзіне» деген бар.

 

Яғни бізді алаңдататыны – Ғамзатыптың «тілім ертең өлетін болса, мен кәзір өлуге дайынмын» дегеніне қоса, мүмкін болған жағдайдың бәрінде кешегі кеңес заманында құшағын айқара ашып қарсы алған шеттіл сөздерін әлі де айтып қалу, қайталап қалуды жаны сүйетін бүгінгі қазаққа әріптесім айтқандай, …

 

… өз тілінің де, сөзінің де шынымен керек болмай бара жатқаны, …

 

… шынымен керек еместігі әрі онысын өзі аса аңдай да қоймайтыны.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. Жауғашты 17/07/2020

    Ыспан мен сізді әрдайым қолдаймын ! Өз тіліміз өзімізге керек, қазақ тілі құрып кетпейді дүниеде қазақ халқы тірі болса !

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*