ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Айтматып, Әуезіп және Момышұлы, екінің бірін таңдаңыз

әкімшілік 23/03/2021 586 рет қаралды

сүйрет :  Mir24.tv

Ыспан

 

Ійә, қаншалық қыйыс әлде мәнсіз болып-көрінсе де, бұлардың бірін таңдауға тура келеді. Үйткені, таңдамау

 

одан да қыйыс жайдың бетін ашады.

 

Үйткені, мәселе сіздің кім болғыңыз, әлдебір ретте кімге ұқсағыңыз келетінінде.

 

Мысалы, тіл, діл үшін барын да, нарын да беріп жүрген Мұқаң :

…Әлемнің Айтматовы о дүниеге –ОВ-пен кетті, Мұхтар, сол – Әуезов күйінде «өмірден өтті», оған тағар қандай кінәміз бар? «Құлдық санадан» шыға алмай, ұлтын сүймей өтті ме екен, жарықтық? …ОВ-тан бас тартқанның бәрі Момышұлы емес, және бола да алмайды [1] … деп көсілтеді.

 

Ійә, дүниеге «-ұлы» болып келген Айтматып та, Әуезіп те о дүниеге «-ов» болып кетті. Бірақ өз қалауларымен ғана емес, лашын құстың тепкіні сондай болғандықтан әрі оны бір сән, мәртебе көргендіктен де сүйтті.

 

Ал мемлекеттік тілге көшу, көше бастауымыз қала, көше аты мен маңдайша жазудан басталып-көрінетіні және соған дейін кеңестеніп, орыстанып келген жан мен тәннің қазақтануы да осы өз аты-жөнімізді қазақша айту мен жазудан басталары сонау тоқсаныншы жылдың басында-ақ белгілі болған.

 

Сол себепті ұлы орысшылдықтың қайнап тұрған заманында-ақ Б.Момышұлы, Ш.Смаханұлылар өз ниеттерін осылай көрсетті, осы арқылы қазақты қазақ болуға шақырды.

 

Әрине, жұрттың бәрі Момышұлы болып кетпес. Бірақ, тыйатыр киімілгіштен басталып, мұсылман болу да әсті-әстілігіне сай кім-кімнің де тегін қазақша жазғаны – ес біліп, етек жыйудың азды-көпті жүріп жатқанының бір белгісі ғана болып қоймай, көрген көз, естіген құлаққа да жағып-ақ тұрар, біреуден біреу алып, елге жайыла түсер де еді.

 

Екіншіден, қазақ «Момышұлы болайық», қалай да одан кем түспейік деп «ұлы» болмайды, өз аты-жөнін қазақша әрі ата-баба дәстүріне сай айтып-жазайық деп «ұлы» болады.

 

Ендеше, әлемнің Айтматов, Әуезовтары дүниеден «ов» болып өткенін мансұқ етпей-ақ қояйық.  Қырғыздың көбі «ұлы» болып келеді, Айтматовша болайық, одан айнығанымыз ыңғайсыз болар деп отырған жоқ. «Ұлы» атанғанымыз үшін-ақ Айтматып, Әуезіптер құлдық санадан шыға алмай, өмірден ұлтын сүймей өтті дейтін жаңсақ ой туар болса, туа берсін.

 

Сондай-ақ Мұқаң құсап, әр нәрседен әртүрлі ой, әртүрлі қауіп тудыра берсек, оның бұл теңеуін бір жағынан Айтматып пен Әуезіп –ОВ; -ОВА-мен жүргендердің санасы «құлдық» құлық емес, «Құлдық сана» — ОВ құрыса құриды дегенге 100 процент келісу қиын деп байсалдылық танытыпты, …

 

… ал мұндай мәністі түсінбеген Момышұлы,Смаханұлылар тегіндегі «-ов»-ты алып тастап, қыйыс-қырыс әрекетке барып, орынсыз жерде ұлтжаншыл, лжепатриот болып-баққан екен деп те қабылдауға болады.

 

1.Мухамбедия Ахмет-Төреұлының жеке парақшасынан, 2019-ж.

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*