Академик апамыз бен ағамыздың аласы мен шаласы

сүйрет : Zergulio.livejournal.com
Ыспан
Бұдан біраз бұрын бір, ақ дегені алғыс болып, айтқаны жерге түспейтін академик апамыз …
… стипендия – шәкіртақы дұрыс емес, мысалы, мына мен де жасым сексенге келген шағымда әлдебір стипендия алуым мүмкін, ал мен қайдағы шәкіртпін, кімге шәкіртпін, …
… пенсия – зейнетақы дұрыс емес, пенсияны ешқандай еңбек етіп, бейнет қылмаған, тек денсаулығы жоқ жас бала да алуы мүмкін, ал ол қайдағы зейнеткер деп, …
… сырт көзге тауып айтқандай болып, ал шын мәнінде қауып қана айтқан еді.
Алайда, соншалық аспандатып отырған шеттілдік стипендия мен пенсия-сы тілдік мән-мағына тұрғысында аталған жайларды былай қойып, өздерінің әуелгі түсініктерін де қамтымайтынын, …
… қамтымақ түгілі «stipendium – плата», «penny – иначе пенни, pensio – платеж» екенін, яғни бар болғаны төлем және тыйын-тебен деп тұрғанын біліп, …
… ал қазақша ойлау, айту жүйесі негізінде пайда болған шәкіртақы, зейнетақы сөздері өздерінің басты ұғымын әлдеқайда айшықтай әрі мәнін де толық қамтый атап, ….
… осы ақы арқылы жасалған және тілімізде әуелден бар жалақы, жолақы, сүтақы сыйақты ондаған сөздермен үндесіп, үйлесіп тұрғанын, …
… ешқандай да сөз түсінік мәні мен түсіндірмесін артық та болмай, кем де соқпай, жүз пайыздық дәлдікпен көрсете, атай алмайтынын түсінсе, бағалап-бағамдай алса бұлай, мұншалық арындамас па еді.
Сірә, мұны кешегі кеңестік салт-сананың (идеология) тепкісінде өсіп, «коммунизмге», бүкіл әлемдік бауырмалдыққа шынымен сенген, сенгісі келген және сондайлық ұлы мұрат үшін өз тілі мен ділін құрбан ете салған ұрпақтың қырық күндік кішігірім кемдігіне жатқызайық.
Тек, бүгінгі тәуелсіз ел болған жаңа заманда хирургия – отау, хирург – оташы деген дұрыс емес, үйткені «отау – шорт кесіп отап тастау» ғана, ал хирургия – хиер – қол, эргос – жұмыс деген сөз, ол кесіп қана қоймай, «тіледі, тігеді, орнына салады, жапсырады, жамайды, жалғайды», үйтеді-бүйтеді [1] деп бұрқыратып, …
… тағы да түсінікті басты ұғымы бойынша атап тұрған қазақ тілінің өз сөзін, сірә, сонау Ақаңдардан да бұрын белгілі болып, хирургическое вмешательство, вмешательство извне ретінде қалыптасып қалған дұрыс сөзді терістеп, жоққа шығарып, бұған бас изесіп отыруды қалай түсінсек болады?!
Мысалы, мен хирургия – отау дегенді алғаш рет, өзінің айтуы бойынша кеңес үкіметінің қуғындауымен 18 жыл түрмеде отырып келген Омар Қаймолдин ақсақалдан естіген едім. Сондай-ақ отау – шорт кесуді, кесіп тастауды емес, бірінші кезекте жұлып алу, сылып алуды, алып тастауды білдіреді.
… Ійә, адам аласы ішінде. Бұл да – қанша жуса да оңайлықпен кете қоймайтын кеңестік салт-сананың сарқыншағы мен сол санаға байланып, өспей қалған ой емегенде, немене!?
Алдыңғы және келесі мақалалар
- Ахмет-Төренің «аборт»-ына айтарым — http://turki.kz/ahmet-torening-abort-yna-ajtarym
- «Түсік — ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па? — http://turki.kz/tusik-aj-kunine-zhetpej-tuu-deppiz-osymyz-durys-pa
- «Аборт» па, «түсік» пе — таразға тартайық — http://turki.kz/abort-pa-tusik-pe-tarazgha-tartajyq
- «Делать аборт — түсік түсіруді жасау» десек, бұған не дер едіңіз? — http://turki.kz/delat-abort-tusik-tusirudi-zhasau-desek-bughan-ne-der-edingiz
- Орыс көршісі соқыр шығып, бір көзі содан қысық қазекең — http://turki.kz/orys-korshisi-soqyr-shyghyp-bir-kozi-sodan-qysyq-qazekeng
- Ахмет төренің ов-шылдығы ұстап айтқаны — http://turki.kz/ahmet-torening-ov-shyldyghy-ustap-ajtqany
- Академик апамыз бен ағамыздың аласы мен шаласы — http://turki.kz/akademik-apamyz-ben-aghamyzdyng-alasy-men-shalasy
- Ахмет Төренің ажырағысы келмейтін асыл сөзінің аржағы — http://turki.kz/ahmet-torening-azhyraghysy-kelmejtin-asyl-sozining-arzhaghy
- Мухамбедия Ахметовтің жеке парақшасындағы посты, 06.10.20, 21:45