ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Аңдамай сөйлеп – ауырмай өліп жүрмеңіз

әкімшілік 25/03/2021 624 рет қаралды

сүйрет : Zergulio.livejournal.com 

Ыспан

 

Білмеген у ішеді  деген ғой. Әсіресе қазақ теле арнасы, осы күнгі қазақ ғұламалары уды суша сіміреді. Бұлай деуімізге …

 

… олардың мына судай сапырған өтіргі себеп болып отыр.

 

Қысқасы :

Бірде Қазанғап бір байдың үйіне келсе, бәйбішесі байекең саяттап кетіп еді, келіп қалар дейді. Әлден уақытта бай көрінеді, қабағы қатулы, көңілсіз екен. Не болды деп сұраса, құсым ұшып кетіп, қолыма қайтып қонбай қойды деп мұңайыпты. Сонда Қазанғап:  Е-е, құстың ұшып кеткені не, тәйірі, онан да басыңыздан бағыңыз ұшпағанына қуаныңыз деп, Қиқу-қиқу, қайт-қайт деген күйді [1] тарта жөнеліпті-міш.

 

 Бұл –  АБАЙ теле арнасының қазақтың бай мәдениетін бүкіл әлемге насихаттап, күйдің ажарын кіргізген түрі.

 

Сірә, күй тарихын бұлай домбаздап, қарабайырлай құрастырғанша, айтпай-ақ, түсіндірмей-ақ қойып, жай ғана тарта салсаңшы дегің-ақ келеді. Шын мәнінде бұл – қыздыру да, қызықтыру да  емес, бар тарих, бай тарихты жоқ қылу, сұрықсыз етіп көрсету ғана. Бұл күйдің тарихы мынандай еді деп, әңгімені әлдеғандай етіп бастап алып, түкке тұрғысызды сөз еткен соң, әсіресе құлағы күй тыңдап дағдыланбаған жұрттың оған деген зейіні артпақ түгілі жалпы тыңдай қоюының өзі екі талай-ақ.  

 

Ал қазақ ғұламалары тарихын осыншалық қарабайырлатқан бұл күйдің шығу жайы былай еді :

Бай бір топ нөкері және өзі тектес жақсылармен саятқа шығады. Алайда басқалардың бүркіттері кезек-кезек түлкі, қоян бүріп жатқанда, оның көкке көтерілген мақтаулы құсы қоян қағу, аңға түсу былай тұрсын, біресе ана төбенің басына, біресе мына сайдың етегіне ұшып-қонып, иесі кешке дейін соның соңынан салпақтап, шапқылаумен жүріпті.

 

Сүйтіп, оның құсын қуалап, қиқу-қиқу, қайт-қайттаған дауысы күні бойы бірде ана, бірде мына белден естіліп, бірде жақыннан шығып, бірде алыстан талып жетумен болыпты. 

 

Содан кешкі дастарқан басында біреу тазы, біреу бүркітін мақтап дабырласып жатқанда байдың елден ерек көңілсіз отырғанын аңдаған жұрт саятшылықтың ол үшін сәтсіз болғанын сезеді. Сезсе де, ешқайсысы оның бетіне келіп, байке, неге көңілсізсіз дей алмайды және болған жайды көзімен көргендер де бұл туралы бірдеңе деуге батпайды.  

 

Осының бәрінің басы-қасында болған, болып отырған әрі байекеңнің қиқулаған дауысы құлағында қалған Қазанғап домбырасын қолына алып Қайт-қайттатқанда күні бойғы салпаң «саятшылық» пен кешкі көңілсіздіктің сыры жыйылған жұртқа қолмен қойғандай етіліп баяндалған, жария болған екен.  

 

  1. Ғасырлар үні хабары // ABAI TV, 25.03.21, 11:32
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*