Апама – жездем, жездеме – жеңгем сай шықты

сүйрет : Lenta.ru
Ыспан
Марік Гірегер дегені екінші кезеңде біраз уақыт бойы башпайымен сегізбұрыштың торынан «ұстап» тұрды, аратөреші мұны көрмей-ақ қойды. Бұл аздай, Марікің тағы екі-үш секунд бойы Хабибтің шолақайынан ұстап жүрді, аратөреші тағы да көзінің «көр» екенін көрсетті. Тек біздің жүргізушіміз аратөреші мұны көрмеді деп ақтағандай болды.
Ырасында, Америкадан айдалада жатқан жай жұрт – біздің телебет арқылы-ақ көріп отырғанымызды, қасында қадалып тұрған төреші маманның көрмеуі мүмкін бе?
Жарайды, аратөреші алалығына бассын дейік, ал сол сегізбұрыштың сыртындағы тағы бірнеше төреші ше, олар қайда қарап отыр, өздері тағайындап отырған төрешісіне ескерту жасай ма, сөгіс бере ме? Бұл үлкен сұрақ.
Оның үстіне, осы көрсетілімнен соң Қазспорт студиясына жыйналып алып, жарты сағаттай сөйлеп, төбелесті бүге-шігесіне шейін талдап, Хабибтің жекпе-жектен кейінгі әрекетіне қатысты шара қолданылуы мүмкіндігін ескерген білгіштер де бұл туралы ауыздарын ашпады.
Сірә, олар ереже бұзылу, оны аратөрешеінің қасақана көрмеу және бұған басқа төрешілердің қатынасы қандай болатыны, жеңімпазға тиесілі белдіктің берілмеуі туралы айтуы керек еді. Соны күтіп едік.
Айтпады. Неге? Маңызсыз нәрсе ме, ұмытшақтық немесе кәсіби сәйкессіздік пе? Әлде не?