ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Ақаңның айтқаны: мықты жазудың мысалы …

әкімшілік 20/01/2022 265 рет қаралды

 

сүйрет : leclectique-mag.com

Ыспан

 

Кейбір жұрттардың тіліндегі дыбыстары мен әріптері екеуінің арасында сәйкестік күшті болғандықтан, сөзінің жазылуы мен айтылуы арасында …

 

… да сәйкестік күшті болады.

 

Мұндай сәйкестік күшті жазудың мысалы біздің қазақтікі мен қырғыздікі.

 

Бұлардың тіліндегі дыбыс басына арналып әріп алынған, әріп таңылған дыбыстан қайда тұрса да айрылмайды. Сөздері жазылғанда көбінесе-ақ сөзінің ішінде естілетін дыбысына қарай жазылады.

 

Орыста бір сөз дыбысына қарай жазылып, он сөз дыбысына қарамай жазылатын болса, қазақта он сөз дыбысына қарай жазылып, бір сөз ғана дыбысына қарамай жазылады.

 

Бізде көпше жалғау немесе басқа жалғау қосылғанда, тек жалғау қосылғаны болмаса, сөздің басқа тұлғасы мен тұрпаты өзгермейді.

 

Біздің жазу жүйемізбен ағылшын, америка, француз жазу жүйесінің арасы алыс. Олардікі қытайдың таңба жүйелі жазуына жақын.

 

Бізге біртабан жақын жүйелі жазу –  он сөзінен бір сөзінде де болса сәйкестік бар орыс жазуы. Онан да гөрі бізге жақын жүйелі жазу италиянікі дейді (оның да сөзінің жазылуы мен айтылуы арасында сәйкестік көп деп айтылады) [1].

 

Араб әрпінен жасап алған әліп-биімізге жер жүзінде әліп-би баласы жетпейді. Араб әрпімен түзеген емлемізге бізге мәлім емлелердің  бірі жетпейді. Мұны ешкім бекер деп айта алмайды [2, 326-б.].

 

  1. Қай әдіс жақсы //Тіл тағылымы, А., 1992, 358–360-б. («Жаңа мектеп», 1928, № 4, 3-11-б.)
  2. Араб әліппесін жақтаған баяндамасы //Ақ жол, А., 1991, 464-б.

 

Осы тақырыпты  алдыңғы және келесі мақалалар тізімі

  1. Ақаң қазақ әліпбиін Ильминскийден алып жасаған — http://turki.kz/a-a-aza-lipbiin-il-minskijden-aly-p-zhasa-an
  2. Ақаңның айтқаны : қытай жазуы — жазу емес, сызу ғана — http://turki.kz/a-a-ny-ajt-any-y-taj-zhazuy-zhazu-emes-sy-zu-ana/
  3. Ақаңның айтқаны : ағылшын ит деп жазып, шошқа деп оқыйды — http://turki.kz/a-a-ny-ajt-any-a-y-lshy-n-it-dep-zhazy-p-shosh-a-dep-o-y-jdy/
  4. Ақаңның айтқаны : орыс жазуы да оңып тұрған жоқ — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-orys-zhazuy-da-ongyp-turghan-zhoq
  5. Ақаңның айтқаны : мықты жазудың мысалы … — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-myqty-zhazudyng-mysaly/
  6. Ақаңның айтқаны : жалпы жазу атаулы екі-ақ негізді… — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-zhalpy-zhazu-atauly-eki-aq-negizdi/

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*