Ақаңның айтқаны : жалпы жазу атаулы екі-ақ негізді, …

сүйрет : tanjand.livejournal.com
Ыспан
… ал қолданылып отырған емле төрт жүйеге …
… бөлінеді:
1) таңбаша жүйе, 2) дағдыша (тарихша) жүйе, 3) туысша жүйе, 4) дыбысша жүйе.
Таңбаша жүйе – таңба негізді жазумен тәртіптес, негіздес емле, мәселен, қытайдікі.
Дағдыша емле – баяғыдан бері жазып келе жатқан қалыпты қолданып отырған емле (яғни айтылуы өзгергенімен, жазылуы баяғы қалпында қалған – Ы.), мәселен, ағылшынша.
Туысша емле – сөздің тек басына қарамай, басқа түбірлес, туыстас сөздердің де айтылуына қарайтын емле (яғни айтылуы мен жазылуы жақынырақ – Ы.), мәселен, орыстікі.
Дыбысша емле – сөз дыбыстарының естілуінше жазу жолын қолданатын емле, мәселен, италиянша, немісше, қазақша.
Сүйтіп, жоғарыда айтылған сөзден мынадай нәрсе байқалады:
Әуелі, жазу екі негізді екендігі: 1) таңба негізді, 2) әріп негізді.
Екінші, әріп негізді жазулардың емле жүйелері түрлі-түрлі болатындығы.
Үшінші, емле жүйелеріне қарай, әріп негізді жазулардың таңба негізді жазуға жақыны да, алысы да бар екендігі.
Қай әдіс жақсы //Тіл тағылымы, А., 1992, 358–360-б. («Жаңа мектеп», 1928, № 4, 3-11-б.)
Осы тақырыпты алдыңғы және келесі мақалалар тізімі
- Ақаң қазақ әліпбиін Ильминскийден алып жасаған — http://turki.kz/a-a-aza-lipbiin-il-minskijden-aly-p-zhasa-an
- Ақаңның айтқаны : қытай жазуы — жазу емес, сызу ғана — http://turki.kz/a-a-ny-ajt-any-y-taj-zhazuy-zhazu-emes-sy-zu-ana/
- Ақаңның айтқаны : ағылшын ит деп жазып, шошқа деп оқыйды — http://turki.kz/a-a-ny-ajt-any-a-y-lshy-n-it-dep-zhazy-p-shosh-a-dep-o-y-jdy/
- Ақаңның айтқаны : орыс жазуы да оңып тұрған жоқ — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-orys-zhazuy-da-ongyp-turghan-zhoq
- Ақаңның айтқаны : мықты жазудың мысалы … — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-myqty-zhazudyng-mysaly/
- Ақаңның айтқаны : жалпы жазу атаулы екі-ақ негізді… — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-zhalpy-zhazu-atauly-eki-aq-negizdi/