Қарыздың аларда – арзан боп, қайтарған сайын қымбаттай түсер себебі

сүйрет : Kprf33.com
Ыспан
31-теле арнаның үстіміздегі жылғы 13-қыркүйегіндегі Жаңалықтарының [1] айтуынша,
бүгінгі таңда Қазақстан халқының банктерге қарызы 5.7 тырыйлон теңгеге жетіп, 10.5 мыйлон адам ең кемі бір рет несиелік келісім жасапты және бұлар халықтың 96 пайызын құрайды екен. Ал қарызын қайтара алмай отырғандар: алған кезде көптеген үстеме ақыларды білмедім, түсінбей қалдым, таныстарым, біреулер алып беріп еді, алаяқтар арқылы алған болып шықтым дейді екен.
Біздіңше, алаяқтар арқылы несие алыну жағдайының өзіне ондайға мүмкіндік беріп отырған банктер кінәлі. Екіншіден, аталған әлдебір алаяқтар шынымен болған күннің өзінде, олар әлдеқайдан келмей, сол банктердің өз ішінен шықса керек.
Сондай-ақ, бұл жерде түрлі және жоқ жерден бірінен-бірі тоқтаусыз туындап отыратын үстеме ақыларды түсіндіру орнына көлгейлеп, несие алушыға білдірмей өткізіп жіберіп отыратын банктің кіші қызметкерлерінің бәрі дерлік – бірінші алаяқ, бала алаяқ.
Ал несиелік келісім-шартты тікелей қаржы жүйесінде істейтін немесе несие алу тәжірибесі мол тісқаққандар болмаса, жоғары білімді білгіштердің өзі түсінбейтіндей етіп жазатын, түсініксіз терминдерді қолданатын банк басшылығы – екінші алаяқ, аға алаяқ та,
тышқанның ізіндей майда әріппен жазылған пәленбай беттік, оқыған адамның мыйын айналдырып жіберерлік келісім-шарт үлгісіне көз жұма қарап отырған үкімет пен парламент – үшінші алаяқ, ата алаяқ болса керек.
Яғни қарыздың қымбаттау себебі — келісім-шартты оқымаудан, дұрыстап түсінбеуден, түсіндірмеуден, әуелден түсініксіз етіп жазудан.
- Кешкі жаңалықтар (Информбюро, новости) //31-т/а, 13.09.18 (20:45)