Ат пен адамның жарысы. Кімі озды деп ойлайсыз?

сүйрет : Zozhnik.ru
Ыспан
Басқаның, орыс пен немістің, Еуро мен Азияның …
… аяқдопшылары алаңда аласұра ойнап, жанталаса жүгіргенде шіркіндер, басын жарып, көзін шығарып алады-ау деп, айдаладағы біреу үшін әжептеуір алаңдап, тақымыңды қысып та қаласың.
Ал қазақ аяқдобына қарай қалсаң, сағат бойы допты бір-біріне теуіп тастап қойып, жаяу жүрген жыйырманы көресің. Ішің пысып, көңілің қалатыны сонша – ойын аяқталғанша жарылып кете жаздап, әрең отырасың.
Ал адам емес, ат жарысына қарай қалсаң, тіпті керісінше. Өзіне артылған жүк пен жауапкершілікті сезініп жанталасып келе жатқан аттарды көресің.
Адамнан, аяқдопшылардан ақылды жануарлардың жарысқа жанын салып, барын беретіні сонша – екпінін баса алмаған бірінің алдына арқан керіп тоқтатуға тура келсе, енді бірі мәреге жетіп немесе жете беріп құлағанша шабады.
Яғни түк бітірмей-ақ ай сайын қалтасына мыйлондаған ақшаны басып жүретін аяқдопшыларымыз бен алдына салған аз жемді қанағат қылатын ат шіркіннің айырмасы осы ғана.
сүйрет : Drive2.ru