Атаққұмарлық дертінен Ақаңдар да аман болмапты

сүйрет : En.ppt-online.org
Ыспан
Күннің көзінде де дақ бар. Дегенмен, жүз жерден жұртшыл, ұлтшыл болсаң да, …
… осы күнгі кей қазақтың, екі жүзді, яғни орысшыл да, қазақшыл қазақтың сыны әлде мінінен тыс қала алмай, отырсаң опақ, тұрсаң сопақ болуың әбдән мүмкін.
Мысалы, өзінің дәрігерлік саладан 40 баспа табақ сөздік шығарғанын, пәлен сөзді түген деп қазақшалағанын мүмкін болған жердің бәрінде айтып, көрсетіп қалғыш Мұқаң терминді там-тұмдап аударып, тып-тыныш қана жүрген бірді-екінің мұндай ісін сірә, көре, көтере алмай, әйтеуір артық әлде тыртық көріп, …
… бұлар осы арқылы қалай да атын шығарғысы келеді, бұл – атың шықпаса жер өртенің бірден-бір мысалы деп бір емес, бірнеше рет айтып та, жазып та келеді [1].
Ғылыми түсінікке қазақша ат беру, қазақшалау дегендер – бүкіл қазақ қауымы мен ғылымының 70 жыл бойы назарынан тыс қалып келіп, енді ғана қолға алына бастаған әрекет.
Ал енді сол 70 жыл бойы қарыштап алға кетіп қалған ғылым атауларын сонау 30-жылардан бері қолданыс аясы отбасы, ошақ қасынан ұзай қоймаған қазақ тілі сөзімен беру әрі оның дұрыс болып қана қоймай, бар жан-тәнімен орыстанып, оғаштанып үлгерген бүгінгінің салғырт та шала қазағына ұнай қоюы, сол қасқалардың көңілінен шығатындай етіп қазақшалау – қыйынның қыйыны.
Дегенмен, кез келгеннің қолынан келе брмейтін, кез келгеннің батыл барып, қолы көтеріліп, жасай қоймайтын, тіпті 99 пайызы жасамақ түгілі айтуға тұрарлық нәрсе, құнт көрмейтін осыншалық қыйын істі Мұқа-ағамыз атақ алу, жақсы атанудың жеңіл әрі жер өртеп шығаратын жолы санайды. Санап қана қоймай, осы үшін әжептеуір қыйналысқа түсіп, таусылып жүреді.
Сондай-ақ Мұқаңның бұл қара тізім-қармағына біз ғана емес, кезінде Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады деп, өз Өмірбаянында …
… Орынборға келгеннен кейін, … үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің ықпалынан тазартумен, … қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жадын тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым деген …
… Әдебиеттанытқыш, Тіл-құрал, Есеп құралы, Жануартану, Пеадгогика деген оқулықтар жазып, олардағы шеттіл сөздерін түгелдей қазақшалап-баққан Ақаң, Жақаң, Қалел, Мағжан сыйақты талайдың да кіріп кетпес, ілініп қалмасына амалдары болмас еді.
Арамызда жүрген болса, олар да осы әрекеттері үшін мақтағанда қазақ тілі мен сөзін «қасиетті» еуро ғылым, әлемдік ғылымға тықпыштап-бағушы «лже патриот» атанып жүрер ме еді, қайтер еді деген ой келеді, кей кезде.
Тіпті арифметика-ны — есеп құрал, зоология-ны — жануартану, глагол-ды — етістік, междометие-ні одағай, прямая, косвенная речь-терді тура, жанама дей салмай, төл сөз, төлеу сөз деп, өзінше жүйе құрып, қопара қазақшалаған Жақаң, Халел, Ақаңдар атаққұмар ғана емес, еуролық ұлы сөздерді ұры сөзге айналдырған мырқымбайлар болып бағаланар да еді.
- Ахмет төре Мұхамбедияның жеке парақшасынан :
Mukhambedia Akhmetov
gteS2spos2ssl odseiste nonvshiueaeomrrbre dee ccd2g02r0dr ·
***«Атың шықпаса жер өрте» дегенді орындап авторлық атақ алам деме.
***Атақты бола қалғың келсе бүкіл әлем ғалымдары ғасырлар бойы өзара түсінісіп келген ғылым тілі — терминдердің орнына түгелдей жаңадан сөз ойлап тап. 𝓜𝓾𝓴𝓱𝓪𝓶𝓫𝓮𝓭𝓲𝓪 𝓐𝓴𝓱𝓶𝓮𝓽-𝓣𝓸𝓻𝓮
**Қазіргі мамандарымыз бір затқа, құбылысқа баламасөз (эквивалент сөз) іздеп таптым деп, ол сөзі сәтсіз болып тұрса да «тіземен басып» отырып жазған сөздіктеріне енгізіп жібереді, тіпті терминкомда қызылкеңірдек болып жүріп бекіткізуге тырысады…