ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Қазаққа «жиен» не жазды?!

әкімшілік 02/11/2018 2684 рет қаралды

сүйрет :Tr.pinterest.com

Ыспан

 

Оғыз Доған, Оғыз батыр: қазаққа бөтен емеспін, ең болмағанда жиендік қақы, жиендік парызым бар деп, шабылып жүрсе, кешегі кеңестік, бүгінгі ата қазақтар, «қазақы атау тұрмақ, салт-дәстүрдің иісі мұрнына бармайтын ата-апалар жиенді де немере деп қойыртпақтап жүр. Жиеніңізді неге немерем дейсіз? десе, мен ұлдың баласы, қыздың баласы деп алаламаймын, мен үшін бәрі бірдей, немерем десем не болады екен? деп беттен алады» [1-2] екен.

 

«Аға, ол жиеніңіз емес пе? десе, – Е, қойшы, бәрі­бір емес пе, орыстар бәрін «внук» дейді, қызымның көңіліне келіп қалар деп, … немере деймін» депті. «Оның ойынша, жиен көңілге келетін сөз» [3] екен.

 

«Сонда ғасырлар бойы жасап келе жатқан салт-дәстүр, ұлттық ұстаным қайда қалады? … немере болса – свой, жиен болса – чужой … деген түсінік қой бұл. Елге үлгі болып жүрген азаматтардың өзі орыс бүй дейді, қызымның көңіліне келеді деп ұрпақтың алдында бұлтақтай берсе не болады?» [3] деп ашынады С.Қамаева.

 

«Қазақтың жиен десе жаны бөлек. Бірақ, ол жиенді немере деуге жол бермейді. Немере – ұлдан туған, өз қаның, шаңырақ иесі, әулеттің ізін жалғар ұрпақ, ал жиен – елге жатжұрттық қыздан туған туыс қана. Басқа ұлттарда туған бөле, ағайын-туыс бір-біріне үйленіп жатады. Ал қазақта ондай жоқ. Бүгін атауын шатастырсақ, ертең кімнің кім екенін ұғудан қаламыз ғой» [1] деп қам қылады А.Қожақова.

 

«Атам қазақ әу бастан-ақ … жиен мыңнан үлкен деп ерекше ілтипат білдірген. … Десе де, мұның бәрі жиенді немере деуге негіз емес, ешқашан немере деп есептелмеген де. Оның жатжұрттық қыздан туған бала екені анық. Ол – ертең өзге үйдің отын маздатып, түтінін түтетуші жан» [2] деп тұжырады А.Дүйсенбайқызы.

 

Ырасында, жиенді немере деуде тұрған ештеңе жоқ па, әлде бұл — «күнә» әрі қауіп пе?

 

1-мақала, жалғасы бар

  1. Қожақова А. Жиенді «немере» деп атауға не жорық? //Ана тілі, 25.05.11
  2. Дүйсенбайқызы А. «Жиенқұрық» туралы не білеміз? //Ана тілі, 27.06.13
  3. Қамаева С. «Жиен» сөзін неге жақтырмаймыз? //Ана тілі, 11.02.16
Кілттік сөздер:

You Might also Like

4 Comments

  1. Абдикарим 04/11/2018

    Жиен болып калу керек кой.Кыздын кабагына карап калган аке мен шеше жагымпаздыкка бой алдырды.Абыройын арким кайтаруга тырысу керек .Жиен жиен ботендиги бар.Кызын айрып ап улынан жаксы коретиндер бар. Коп нарседе шатасты халкым

    Ответить
  2. Бибігүл 07/11/2018

    Жиенді немере дегенді мен де құптамаймын
    Жиен дегеннен ол жиен шеттетіліп қалмайды ғой. Әр нәрсенің орнын білейік, ағайын!

    Ответить
  3. Қазақта «Жиен — ел болмас, желке — ас болмас» деген мақал бекер айтылмаған. Қыздан туылғанды немере деу дұрыс емес. Жиенді жиен, немерені немере деу керек. Тамашада Нағашылы, жиенді болып шыққан Құдайберген Сұлтанбаев пен Тұңғышбай Жаманқұлов еді.

    Ответить
  4. Жиен-жиен куйінде қалғаны дұрыс. Атвм қазақ айтпай ма «жиен ел болмас.желке ас болмас»…деп. 😉 Ұлдың баласы немере болады. Өз қаның.өз жаның.өзегінен тепсең де кетпейтін. Жиен қанша тəтті болса да…жиендігін жасайды. Бир əжеміз қыздың баласын арқалап..өз немересін жетектеп қозы іздеуге шығыпты дейт.сөйтсе əже анау сіздердің қозыларыңыз ғой десе өз немересі əже əже біздің қозылар ғой деп қуанады

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*