«Қазақ күресі»-не кім, не үшін қарсы?

сүйрет :Tverigrad.ru
Ыспан
Бүгінде қазақ күресі қазақтікі ғана болудан асып, артылып, әлемдікке айналып барады. Осыған орай, қазақ күресі, қазақша күрес деген анайы аты оның таралу аясын тарылтатын болып отыр.
Мысалы,
— Біз неге бадырайтып қазақша күрес дейміз. Айкидо, дзюдо – жапонның күресі. Самбо – орыстың күресі. Бірақ жапон күресі, орыс күресі демейді ғой. Ертең әлемдік аренаға шыққанда біреулер қазақша күресуге келісе ме? [1];
— Үлкен жиындарда қазақтың күресімен қазақтар ғана күрессін. Бізге қажеті қанша деген сыңайдағы сұрақтар төтесінен қойылып келеді [2];
— Әлем біріншіліктерінде менен де неге қазақ күресі деп сұрап, түсінбестік танытқандар көп болды [3];
— Өзбек – кураш, татар – белбеу күресі, қырғыз – алыш деп атай бастады. Түрік, түркімен, әзірбайжан да ұлттық күресіне жаңаша ат беріп жіберген. … халықаралық федерация құрамына кіргуе қазақ күресі деген атау кедергі болып отыр … Көрші Қытай елі қазақ күресін бізде дамытудың ешқандай қажеті жоқ деп ашық айтып отыр. Себебі ол елде жүзден астам ұлт пен ұлыстардың күрестері бар [4]
дегендей пікір біраздан айтылып келеді.
Яғни
— бүкіл әлем жұрты айналысуы тиіс күресті қандай да ұлтпен байланыстырып, сонымен ғана шектей атау, оның қазақтікі екені әрбір аталған сайын көрініп, бетке басылып отыратын ету дұрыс емес әрі біздің өзіміз үшін тиімсіз жайт;
— не нәрсенің де атынан заты, мәні көрініп тұруы шарт. Ал қазақша күрес-те оның қандай күрес екені, қалай күресілетіні көрініп, бұл ретте қандай да бағдар беріліп тұрған жоқ. Ал аталған самбо, дзюдо, айкидо-лардың атауынан мәнін, қанадй күрес екенін болжауға, шамалауға болады;
— әсіресе, жиі айтылатын нәрсені бір сөзбен атау қажет. Үйткені, еш мәні жоқ артық сөз тіл үшін де, құлақ үшін де, уақыт, орын тұрғысында да артық әрі ысырапшылдық болады. Яғни қазақ күресі-ндегі қазақ сөзі күрес түсінігіне ешқандай мән үстемейді.
Ендеше қазақ күресін басқаша атауға келісесіз бе, оны қалай атауға болады?
Алдыңғы және келесі мақалалар
- «Қазақ күресі»-не кім, не үшін қарсы? — http://turki.kz/aza-k-resi-ne-kim-ne-shin-arsy
- Бәскүрес дейік! — http://turki.kz/b-sk-res-dejik
- Бастан аттау жігіттікке жата ма? — http://turki.kz/bastan-attau-zhigittikke-zhata-ma
- Бәскүрестің бәсі мен бәсіресі — http://turki.kz/b-sk-resti-b-si-men-b-siresi
- Жауырын-жамбас арасы, сөзімнің жоқ аласы әлде шаласы — http://turki.kz/zhauyryn-zhambas-arasy-sozimning-zhoq-alasy-alde-shalasy
- Бастан аттау — бәлені бастау деген сөз — http://turki.kz/bastan-attau-baleni-bastau-degen-soz
- Бастан аттау бұрын таза жеңіс саналған — http://turki.kz/bastan-attau-buryn-taza-zhengis-sanalghan
- Ал бұған Ұлан Рысқұл не деді? — http://turki.kz/al-bughan-ulan-rysqul-ne-dedi
- Ардан аттап, адамдықтан кетудің бір жолы — http://turki.kz/ardan-attap-adamdyqtan-ketuding-bir-zholy
- Айтылған сөз атылған оқ емес деп кім айтты? — http://turki.kz/ajtylghan-soz-atylghan-oq-emes-dep-kim-ajtty
- Бәскүрес — қазақ күресінің қысқа әрі нұсқа аты — http://turki.kz/baskures-qazaq-kuresining-qysqa-ari-nusqa-aty
- Қазақ күресін басқаша «баскүрес» десек болады — http://turki.kz/qazaq-kuresin-basqasha-baskures-desek-bolady
- Қазақ күресін «Тік күрес» деуге де болады — http://turki.kz/qazaq-kuresin-tikkures-deuge-de-bolady
Қазақпыз еш нәрсені өзгертудің қажеті жоқ.Қазақ күрес атауын қазақ тілінде қалсын.Егер қазақ биін тангоға айналдыр десе айналдырасызба сонда?Қазақстан қазақ аттырынды айырбастамандар.Қазақ тілімен мақтанайық.Мен айтамынжүрейік Қазақ тілің мақтап.Шетелдікке ерімей жүрейік,Мақтанайық тилимен.
Бұның қажеттігі екінші мақалада негізделіп жазылды.
Палуан деп атау керек.