Қазақстан, Алматы – ауыларалық та, Түркістан – жержаһанға танымал ат

сүйрет:Lookmytrips.com
Ыспан
«…Бір жігіт ағасы: «Барған жерімізде жұрт қайдан келгенімізді сұрады. Ауыл-аймағымызды қойшы, Қазақстан, Алматыны да естімеген екен. Ал Түркістанды ауызға алғанымыз сол-ақ екен, көздері жайнап, бізді ерекше құрмет құшағына алды» деп естелік айтқаны есімізде. Сонда дейміз-ау, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, жалпы Орталық Азияны танып-білмеген қарапайым жұрт қиырдағы Түркістанды көрмесе де даңқынан хабардар болуы тегін бе?
Түркістанның тұтас тарихы да, түрлі саясат салдарынан үзілген тарихы да ешқашан соғысқа да, сойқанға да негіз болмаған. Арғы Ясы жұрнағынан бергі Ясауи хикметіне дейін – Жаратқанның жарасымы, адамзаттың ағаруы, пейілдің пәктігі. Түркістан – дүниетаным баспалдағы. Түркістан – тазару таразысы. … Түркістан – өзгеге иіле қоймаған Иранға бейбіт өмір сүрудің игілігін аңғартқан киелі мекен … Ал, осы Түркістанның бұралаң тарих шаңына көміліп қалу қаупі орасан еді» деп толғанады Дархан Мыңбай [1].
Сірә, «ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт мүддесі мен мұқтажы үшін басын бәйгеге тіккен Тұрар Рысқұлов пен Мұстафа Шоқайдың екі шепте тұрса да, бір деммен айтқан «тұтас Түркістан», «бірліктегі Түркістан» идеясын» [1] ұстануының бір ұшығы осы сан ғасырдан келе жатқан және жержаһанға жайылған «Түркістан» атында да жатса керек.
Сондай-ақ адамзатқа Әл-Фараби, Әбу-Райхан Бируни, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ыйасауи, Ахмет Үйгүнеки сынды ғұламалар мен Қайрымды қала тұрғындары, Құтты білік, Даналық сөздер, Ақыйқат сыйы сыйақты адамның адам болып қалуын басты орынға қойған дүниелерді берген Түркістан әлемін әсіресе өзіміз тым аз білетін сыңайлымыз.
- Дархан Мыңбай, Рухани жаңғыру қаласы //Айқын, 28.09.18