ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тілтаным

Қазақтың шалы да бүгін шеттілшіл

әкімшілік 07/11/2018 875 рет қаралды

сүйрет : Anekdottut.ru

Ыспан

 

«Менің айтпағым, алған білімдерің әлемдік болуы керек. Әлемдік дегеніміз — шеттілдің қай-қайсысын болса да, біліңдер, артық болмайды» [1] – бұл арнайы шақырылып алынған ардақты атаның жастарға айтқан ақыл, берген батасы.

 

Кеңес үкіметі тұсында орыс тілін білсең мұртыңды балта кеспейді деп қана келген қазақ бүгінгі күннің осындай атасына айналған. Әйтпесе, бұ дүниеде артық болмайтын нәрсе мың-мыйлон ғой.

 

Өзі білмейтін, мәнісін бір адам құрлы түсінбейтін де шеттілінде несі бар деңіз! Одан да ата-баба дәстүрін, қарияның сөзін айтпай ма! Не қазақтық, не жалпы адамдық дұрыс сөзді білмеген соң, аняқтан бір, мыняқтан бір шалып, көптің аузындағын тергені-ау, сірә!

 

Әйтпесе, бүкіл қазақ елінің алдына шығып алып, жүргізушісінен бастап бәрі дерлік бірнеше айдан бері «ң»-ды айта алмай, айтайын да демей, сақауланып келе жатқан және «бие — түйенің әйелі ме?» деп отырған шөжектеріне қазақ тілін біл, таза сөйле десе, ата аты, ақсақал жасына сол жарасар еді.

 

Ійә, бар қазақтан таңдап алған ата бұлай деген соң, қалай да шүлдірлеп-жылтырауды ғана біліп, бақ көретін немере, неменелерінен не сұрарлық?!

 

  1. Бір 83-ке келеген «ата»-ның айтқаны //Кел, келінім, КТК, 15.06.18, 15:25
Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. Ivanov777 27/11/2018

    jjghjgh ghjhjgh ghjghjghj

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*