Қазақ ғылымы деген не?

Ыспан
Қазақ ғылымы деп бірінші кезекте қазақ тілінде жазылған ғылыми еңбекті айтамыз. Қазақ және кешегі қазаққа, басқаға бөлінбей тұрған түрік жұрты өкілдерінің басқа тілдерде жасап-жазғандары да қазақ ғылымы саналады.
Екіншіден, қазақ ғылымы деп Қазақстан үкіметінің қаржысына, қазақ топырағында жасалған, Қазақ елінің зияткерлік меншігі болып табылатын ғылыми жұмыстар мен нәтежелерді айтамыз.
Үшіншіден, қазақ ғылымы, Қазақстан ғылымы Кеңес үкіметі тұсымен және бүгінгі күн аясымен шектелмейді. Ол күні кеше ғана қылаң етіп өте шыққан өтпелі заманда танымдық, білімдік ғылыми мақала-оқулықтар жазған, әрқайсысы осы күнгі ғылым салаларының бастау көзінде тұрған Алаш зиялылары еңбектерін, онан арғы мың жылдық тарихы бар ортағасырлық ойшыл-ғұламаларымыздың жазба ескерткіштерін қамтиды. Кәзіргі қалыбымыз өткен уақыттың табиғи жалғасы, осы сәттік көрнісі болып табылады.
Қазақ даласы бүкіл мәдениет атаулының ошағы дерлік және Еуропаға ілім апарған Шығыс әлемімен тікелей шектесіп қана жатпай, тағдыр талайына орай олармен өмір бойы тығыз қарым-қатынаста болды. Ғылым, әлемдік өркениет бізге тек Еуропа арқылы келіп қойған жоқ. Ол бізде Еуропамен бір мезгілде тарап жатты. Сол заманда-ақ әлемге Әбу-Насыр Әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина, Әбу Райхан Әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ Әл-Хорезми, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ыйассауи, Махмұт Қашқари сияқты ондаған ұлы тұлғалар келді.
Төртіншіден, әдетте Әл-Фарабилерден, олардың заманынан кейін Қазақ даласында, Тұран ойпатында толассыз жаугершілік орнап, ғылым-білім, мәдениет ордалары түбегейлі қиратылған, өркениет болмаған, руханият тұрғысында мардымды ешнәрсе жасалып-жазылмаған деп есептеледі. Шынымен солай болса, бергі Орта ғасырдағы Саиф Сараи, Мұхамед Тарағай Ұлықбек, Әлішер Науаи, Захир әд-Дин Бабыр, Мұхмед Қайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Әбілғазы Баһадүрлер қайдан шықты?! Дәстүр жалғасып, халықтық таным жүйесі кең қанат жайып жатпаса, орыс ғылыми қауымын асқан алғырлығымен, кәсіби сақалығымен тәнті еткен және жағрапия, тарих, тіл-әдебиет, елтану, ұлыстану, экономика сияқты ғылым салаларын бірдей зерделеп, жүзден аса еңбек жазған Шоқан, аласапыран, қуғын-сүргінде жүріп-ақ бір өзі тіл, әдебиет ғылымдарының теориялық негіздері бойынша бүкіл кеңестік кеңістікте теңдессіз еңбек жазған Ахмет Байтұрсынұлы сияқты бірнеше ондаған жаңа заман білімпаздары жоқ жерден, аяқастынан пайда бола алар ма еді?!
Бесіншіден, ғылым, мәдениет тарихына арналған зерттеулер, Еуразиядағы түрлі кітапханалар қоры кешегі 18–19-ғасырдың өзінде қазақ жерінде Бақи Мұхамед Түркістани, Ахмет Әлі әл-Қазақи, Жамал Ад-Дин Атырауи, Молла Шаһ Хакім Түркістани, Мұхамед әл-Келеси, Молла Есжан Қоңыратли атты хаттаттардың (көшірмеші) өмір сүріп, азды-көпті жазба жұмыстар қалдырғанын көрсетіп отыр. Кез келген елдің, ұлыстың ғылыми, мәдени өмірі әуелі аудару, көшіру, оқулық, мақала, хат-қағаз жазудан басталған. Бұлар қашан да ғылым-білімнің бөлінбес бөлігі болған.
Әрине, ұлттық ғылымымыздың арғы, бергі тарихы, бүгінгі беттері бұнымен бітпейді. Бұл басы ғана, қалғандарын тауып-түгелдеу алдағы уақыттың еншісі дей отырып, назарларыңызға қазақ ғылымының бірқатар үлгілерін ұсынамыз.
* * *
Наука, являющаяся общечеловеческим достоянием, в реальности создавалась усилиями разных нации и народов. Бесспорно, определенный вклад в мировую науку внесла и степная мысль.
Казахстанской наукой, прежде всего, называем научные труды написанные на казахском языке, а также труды соотечественников и общетюркских мыслителей ранних времен, написанные на других языках. Во-вторых – все научные результаты, разработанные на средства Республики Казахстан и являющиеся ее интеллектуальной собственностью.
В третьих, понятие наука Казахстана не ограничивается послеоктябрским периодом. Она является естественным продолжением научно-просветительской деятельности казахской интеллигенции начало прошлого века, которая стояла во главе развития многих отраслей современной науки. Сюда же можно отнести тысячелетние письменные памятники средневековых тюрков.
Казахская степь вследствие географических границ во все времена своего существования находилась в тесном взаимоотношении с Восточным миром, привившим Европе первые ростки науки. Это способствовало распространению в степи научных и передовых идей того времени возможно ранее чем на Западе. Здесь родились Абу-Насыр Аль-Фараби, названный «вторым учителем» после Аристотеля, Абу-Али ибн Сина, прослывший в течении нескольких столетий «медицинским падишахом», Абу Ал-Хорезми, от имени которого произошли понятия «алгебра», «алгоритм». Следует также отметить не менее именитых Абу-Райхан Бируни, Юсуфа Баласагуни, Кожа-Ахмета Яссауи, Махмута Кашкари.
В четвертых, ни татаро-монгольское нашествие, ни внутренние бесконечные междоусобицы не могли польностью прервать духовную жизнь городов и окраин Шелковового пути. Напротив, именно в позднем Средневековье по всей Центральной Азии были построены крупные медресе, имевшие высшую и многоступенчатую систему образования и первая обсерватория на земле. В эту эпоху созданы оригинальные труды Улугбека, Навои, Бабура, Дулати, Жалаири и многих других.
Преемственностью познавательных традиций следует объяснить феномен Чокана Валиханова, удивившего русский ученый мир блистательным умом, безупречной научной профессиональностью. Он оставил после себя более ста научных трудов по географии, истории, филологии, этнографии, страноведении, экономике и управлению. Наравне с Чоканом можно назвать Ахмета Байтурсынова, основоположника теории казахской литературы и лингвистики, чьи труды в свое время по научной значимости не имели достойных аналогов во многих республиках бывшего Союза.
Большую роль в передачи научных знаний в казахской степи сыграла традиция переписки ценных рукописей, которая поддерживалась вплоть до XX века. А переписка, перевод текста и вообще письменность всегда были первой предпосылкой и неотьемлемой частью научного и интеллектуального развития любого общества.
Безусловно, ранние, поздние и сегодняшние страницы истории отечественной науки этим не исчерпываются. Это только начало. Дальнейший сбор и систематизация материала – задача будущего. А пока предлагаем вашему вниманию первый справочник деятелей казахской науки.
«Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан?» (А., 2007, 400 б.) атты кітаптан