ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Дүниетаным

Бәскүрестің бәсі мен бәсіресі

әкімшілік 30/05/2018 880 рет қаралды

сүйрет: Psychologos.ru

Ыспан

 

1

Өмірде адам көбнесе бақталасын жеңу, жеңіп жермен-жексен ету, айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізу мақсатымен күресіп-тіреседі. Бар күш-қуаты қарсы жақты жоқ қылуға немесе өзінен бір саты төмен қоюға, өзінің артықшылығын, артықша жаралғанын мойындатуға, жұртқа жария етуге бағытталады. Яғни Алла берген, туа біткен, өмірден алған әдіс-айла, жігерін жанындағыларға, оларды тұқыртуға, құртуға жұмсайды.

 

Екіншіден, адам өзінің, өзгенің күшін, кімнің қаншалық мықтылығын, қандай деңгейге жеткенін байқау, анықтау әрі жаттығу, әдіс-амалын жетілдіру үшін күреседі. Бұл кездегі әрекет жалпы күшеюге, бір-біріне көмектесіп, өзара қарсы-жұп (спарринг-партнер) болуға, яғни сырттағы жауға, сырттан келетін қауіпке дайындыққа жатады. Біріншісі – алысу-жұлысу, қырқысу-жыртысу, өзара өшпенділікті қоздыру, жауласу, ақырында қатары сиреу, әлсіреу болса, екіншісі – бірін-бірі жетілдіру, серігін көбейту, күш біріктіру, бірігу, жалпы даму болады әрі ыспорт әлде салауатты бәске деп аталады.

 

 

2

Адамның белсенді сәтіндегі қалыпты күйі екі аяғында тік тұру болса, жер тізерлеу немесе қолымен жер таяну бұл реттегі қалыпсыз күйге, қалыптан шығарылған тұрысқа (поза) жатады. Күрес-таласқа түскен кез келген адам әуелі қарсыласын қалыпты күйден шығаруды, тұрғылықсыз әрі белсенсіз күйге түсіруді діттейді.

 

Мысалы, құқық қорғау саласы өкілдері талап ететін екі қолды жоғары көтеріп тұру (руки верх) немесе алдыға созып (артқа салып), айқастырып тұру, екі аяқ арасын алшайтып, талтайып тұру, екі қолды жайып, мәшиненің бетжапқысына (капот) етпеттеу, жерге жату, теріс қарап тұру жайларының бәрі қалыпты күйден шығу, белсенсіз қалыпқа түсу болады.

 

Осы ретте қалыпты адам тізерлеп тұрып, жерде жатып, аунап жатып, үсті-басын былғап, өзі де қалыпсыз күйге түсіп күреспейді. Өзі қарсыласының астында жатқан адамның «жеңісі» жеңіске, жеңгенге жатпайды. Яғни қалыпты, өзін, өзгені сыйлайтын адам, адам атына лайық адам тік тұрып, қан шыққанға шейін емес, қарсы жақты қалыпсыз күйге жеткізгенше ғана күреседі.

 

 

3

Тағы да қалыпты адам бірлікке бастайтын ыспорттық күресте қарсыласының қолын қайырып ауырту, тамағынан алып буындыру, аузы-мұрнын басып тұншықтыру, көзін шұқу, бетін тырнау, кіндіктен төмен ұру сыйақты адам өміріне, қалыпты адам болып қалуына қауіп төндіретін айуандық амалға бармайды.

 

Түйін

 

Яғни бәскүрестің бәсі де, бәсіресі де  –  өсіп-өну, жетілу-бірігуді көздейтін ізгі мақсат-мұратында  –  күрестім, күресіп жатырмын екен деп тізеден төмен түспеуінде және  –  қыйнау, ауырту сыйақты жыртқыштық әрекеттен тыйыла білуінде болса және жатса керек.

 

Алдыңғы және келесі мақалалар

  1. «Қазақ күресі»-не кім, не үшін қарсы? — http://turki.kz/aza-k-resi-ne-kim-ne-shin-arsy
  2. Бәскүрес дейік! — http://turki.kz/b-sk-res-dejik
  3. Бастан аттау жігіттікке жата ма? — http://turki.kz/bastan-attau-zhigittikke-zhata-ma
  4. Бәскүрестің бәсі мен бәсіресі —  http://turki.kz/b-sk-resti-b-si-men-b-siresi
  5. Жауырын-жамбас арасы, сөзімнің жоқ аласы әлде шаласы — http://turki.kz/zhauyryn-zhambas-arasy-sozimning-zhoq-alasy-alde-shalasy
  6. Бастан аттау — бәлені бастау деген сөз — http://turki.kz/bastan-attau-baleni-bastau-degen-soz
  7. Бастан аттау бұрын таза жеңіс саналған — http://turki.kz/bastan-attau-buryn-taza-zhengis-sanalghan
  8. Ал бұған Ұлан Рысқұл не деді? — http://turki.kz/al-bughan-ulan-rysqul-ne-dedi
  9. Ардан аттап, адамдықтан кетудің бір жолы — http://turki.kz/ardan-attap-adamdyqtan-ketuding-bir-zholy
  10. Айтылған сөз атылған оқ емес деп кім айтты? — http://turki.kz/ajtylghan-soz-atylghan-oq-emes-dep-kim-ajtty
  11. Бәскүрес — қазақ күресінің қысқа әрі нұсқа аты — http://turki.kz/baskures-qazaq-kuresining-qysqa-ari-nusqa-aty
  12. Қазақ күресін басқаша «баскүрес» десек болады — http://turki.kz/qazaq-kuresin-basqasha-baskures-desek-bolady
  13. Қазақ күресін «Тік күрес» деуге де болады — http://turki.kz/qazaq-kuresin-tikkures-deuge-de-bolady
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*