ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Балықтың басынан шіритіні рас па?

әкімшілік 16/09/2021 365 рет қаралды

 

сүйрет : Neizvestniy-geniy.ru

Ыспан

 

Ійә, бұрынғы қазақ осылай деген. Ал бұл тауып айтылған қызыл сөз, бояу сөз бе, әлде өмірде де болатын шын сөз, шымшыма сөз бе? Осыны осы күнгі қазақтың өмірінен алып тексеріп көрелік әрі мысалды әдеттегідей елдің бірінші басшысының емес, одан да жоғары тұрған ақ бас абыздың, «Асан қайғының» …

 

… әрекетінен алып қаралық.

 

Айталық, Ақаңның «Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік» дегеніндей, адамның азып-тозуы бірден, аяқастынан болмай,

 

… биттейден құралып, бірте-бірте өсіп-ұлғайып, күндердің күнінде аспас асу, алынбас қамалға айналады.

Әрі аспаннан да түсе қалмай, оның өз ішінен, бәлки балықтікі құсап алтын басынан шығады.

 

Мысалы, бүгінгі күннің басымызға түскен бір зауалы – «нұрлы күнен мұра боп қалған баба тілі»-нің «бөтен сөзбен былғанып» шуарлануы, қазақтың алтын бағалы асыл сөзін әлдебір тіл бұзғыш телілердің Анара, Жанара, атешкі, ақешкі, апешкі түрінде бұрмалай, жұлмалай айтуы деп, қаланың тілі әуелден орысша шыққан тікбайқаларына түйіліп, тесіліп жүрсек,

 

бұл  іс, бұл науқанға бас жазушымыз Ғабит Мүсірепіп те өз үлесін қосып-баққан екен. Яғни Ғабеңе қазақтың Раяжан, Раяш, Рәш деген өз сөзі, саз сөзі аз, азғын көрініп, өзінің сүйікті жарына «Раечка» деп жазған, сөйлеген де екен.

 

Ал бұл – балықтың бұзылу үрдісінің ғана емес, Қалел Досмұхамедұлының «Тілді бұзатын оқығандары» дегенінің де бірден-бір дәлелі болып тұр.

 

Сірә, Ғабеңнің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген ұшан теңіз еңбегін ескермей, бір ғана шалыс басқанына қадалып қалыпсың, бір сөзде тұрған не бар деп сөгіп, жұдырық та түйерсіз.

 

Сөігіңіз, түйіңіз!  Алайда, …

 

біріншіден, «а» деген соң «ә» де делініп, бір сөздің соңынан екінші, үшінішсі еріп, шұбырмасына, шұбырмағанына кім кепіл?!

 

Екіншіден, бұл – көшеде арба сүйреп, күнін әрең көріп жүрген қара әрі шала қазақтың аузынан асығыс шығып, аңдаусыз айтылып кеткен емес, сөз өнерінің ата академигінің сөзден сөзді саралап, таңдап, талғап айтқан шын сөзі, жан тебіренісі, бар қазаққа үлгі-өнеге боларлық тәлім сөз ғой.

 

Яғни бірінші қазақтың өзі Раяжан деуге жарамай, «Раечка» деп жылтырап тұрғанда, мың-мыйлоныншы қазаққа неге «Алмуша, Карлуша» дейсің деуге қандай қақымыз бар?!  Әлде тілдің тамырын онан ары балталап, осының бәрін дұрыс етіп, атты арбаның құрбаны қылайық па?!

 

Үшіншіден, елден ерек тек қазақтың қарабасына түсіп, жаңбыр жаумай-ақ су етіп отырған зобалаң атаулының тоқсан тоғызы осы «онда тұрған не бар»-дан басталды емес пе?!

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*