ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Бақытты-бақытсыздықтың белгісі

әкімшілік 10/12/2019 2228 рет қаралды

сүйрет : Snitsya-son.ru

Ыспан,

 

 Қылышбек Ақбота, ТарМПУ-дың 2-күріс білімгері,

 Байсариева Дана, ТарМПУ-дың 2-күріс білімгері

 

 

Бұл өмірге саяхаты жатырға түскен сәтінен басталатын адам туралы пайғамбарымыз Мұхамет Мұстапа салалаһу әлейкүм ассалам: «бақытсыз адам …

 

… анасының құрсағында жатқанда-ақ бақытсыз, бақытты адам анасының құрсағында жатқанда-ақ бақытты» деген екен.

 

Сірә, бұл сөзімен пайғамбарымыздың не айтқысы келгені туралы дінтанушы қауымның өз түсінігі бар шығар.

 

Ал біздіңше, құрсаққа түскен бір тамшы шәуеттің болашақ анасының жүрегін айнытып, өзі туралы алғашқы хабарды берген сәттен-ақ:

 

— бір-бірінен сүйінші сұрап, сүйінші беріп,

— құрсақ шашу тойын жасап, дәстүрін өткізіп,

— әулеттің кезекті ұрпағы дүниеге қадам басқаны туралы қуанышты хабарды керегеге ақ орамал етіп байлап қойып,

— құстың сүті болса да, келіннің жерік асын тауып беріп,

— құрсағына құлын біткен жас келіннің бар жағдайын жасап,

— оған кесір келтіруі мүмкін пәле біткеннің бәрінің алдын-алып бағып,

 

келер ұрпақты әулет боп, ауыл боп күтіп, көтеретін,

алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақалы барып сәлем беретін кешегі қазақ қауымында,

 

ата-бабадан қалған асыл дәстүрі бар және сол дәстүріне берік болған қазақ қауымында

 

дүниеге келер әр баланың бақыты құрсақтағы күндерінен-ақ басталарына күмән жоқтай.

 

Тек бір өкініштісі – мұның бәрі қайтып келер-келмесі белгісіз өткен заман және бірі – бағы барлық-болғандықтың, ал бірі – бақ-талайсыздықтың белгісі дерлік.

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. Мақсұт 29/12/2019

    Ата-бабаларымыз жерік болған келінді Мұхаммед пайғамбарға дейін де мәпелеп, күтетін.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*