ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Барынша жағдай жасаудың жаңа түрі

әкімшілік 18/04/2021 493 рет қаралды

сүйрет : Koka-lermont.livejournal.com  

Ыспан

 

Боғаттарға тізіліп, шамдай жанып, Үзіледі тамшылар өмірінің Тым қысқа екеніне таңдай қағып деген еді бір ақын. Сірә, таңғалу, таңдай қағу дегендер …

 

… тамшылардың ғана емес, өткен отыз жылда таңданудан таңымыз айырылардай-ақ болған біздің де маңдайымызға басылған тағдыр сипатты.

 

Олай дейтініміз – күрестен өтіп жатқан құрлық біріншілігі басқа жер, басқа елде емес, Қазақстанда, Алматыда өтіп жатыр.

 

Оны тікелей түсіріп, көпшілікке таратып жатқан да – басқаның, әлдебір ебірейдің емес, қазақ халқының қаржысына жасалып жатқан ұлттық теле арна. Ал оның жұмысын жүргізіп жатқандар –  ұлтжандылығы тұрғысынан қазақта ғана емес, әлемде алдына жан салмайтын жұрналшы, жазғыш, шетінен бір туарлар.

 

Дегенмен, қазақтың көп жағдайда ақтық бәскеге жете алмай қалып, онсыз да аз көрінетін  бетке ұстар балуандары басқа кілемде әлдекіммен жан алып, жан берісіп күресіп жатады, ал бұл сәтте бүкіл қазақ өзіне қатысы шамалы әлдекімдердің күресін көріп, алтын уақытын босқа шығындап отырады.

 

Тек аптаға созылған күрес мерекесінің соңғы екі күнінде ғана әлдекімге ақыл кіріп, жүргізуші қайраткер кез келген сәтте өз балуанымыз күресіп жатқан кілемеге ауысатынмызыды айтып, қазақты бір жарылқап үлгереді және осы үшін «Барынша жағдай жасап жатырмыз» деп, өзінің бұл реттегі ерен еңбегін сыздықтатып та қояды.

 

Ійә, жағдай жасау, әсіресе әлдебір пейілі де, әрекеті де жат, жау жанның жағдайын жасап қалу, жасап-бағу –  бүгінгі қазақтың бір беті дерлік. Бұған таңғалмаймыз да.

 

Ал таңғалдырғаны – сондағы жасап жатқан жағдайының түрі – бір батырманы басу ғана.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*