ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Бас ұры, бай ұрылар – бас жемқор, ал жас жемқор, пәс ұрыларды қайтеміз?

әкімшілік 27/02/2022 476 рет қаралды

 

сүйрет : vw-golfclub.ru

Ыспан

 

Әуелден қасқыр атанып, қорқау бола жаралып-жетілген соң ауыз шіркіннің қан болмай жүруі мүмкін бе?! Яғни …

 

… соғыста әдістің кез келгені жарамды дегендей, жемқордың бар жұмысы – жұртты алдап-арбау, ұрлап-жырғап жеу, жей беру ғана ғой. Және жей-жей мыйлон әлде мыйларттан асқан ақшасы кең Қазақстанның өзіне сыймай, шетел асып жатпай ма!

 

Ійә, бұл – бас жемқор, бай жемқорлардың тірлігі және мұны атап айта да бастадық. Ал атаға қарап бала өсер демекші, жас, деңгейі пәс жем құмарлар қайтеді, не жеп күн көреді? Мысалы, осы ұры-қарылықты күні-түні жаҺанға жар салып айтудан жақтары бір талмайтын ТЕЛЕДИДАР ТӘТЕЛЕР не істейді?

 

Олай дейтініміз – ақын қызымыздың айтуынша /1/ қазынадан жылына 14-19 мыйларт қаржы алып отыратын олардың айдай әлмеге айғайлатып алатын айлығының өзі пәленбай мың долы пұлдың басын құрайтын көрінеді.

 

Ырас, олар «аталары» құсап адамның аузындағысын жырып, қолындағысын тікелей тартып алмайды. Алса, еткен еңбек, жасаған, жүргізген жарнамаларының ақсынан алады. Яғни ап қойды, асап қойды деуге негіз де жоқтай.

 

Алайда, әлдене көре қояйын, қарай қояйын десең, қайта-қайта жылтыңдап шыға беріп, бір шықса бес-алты минутсыз бітіп болмайтын және қосылысымен дауысы жер жара жөнелетін жарнама пәлен мыйлон халықтың алтын уақыт, қымбат назарын сұрамай алу, құлақ құрышына жасалған зорлық-зомбылық емей немене дейтін ой келеді.

 

Сірә, бір тыйын ба, мың тыйын ба – бәрібір, ұрлықтың аты – ұрлық деуіңіз мүмкін. Қалай болғанда да теле-тәтелердің бір жақсысы – айтпай, алдай жасайтынымен, тартпай, жылатпай алады. Үйткені, Абайдың өзі «халық бала сыйақты, қолындағысын тартып алсаң, жылап қалады, алдап сұрасаң, өзі береді» деген ғой.

 

  1. Ақсұңқар Ақынбабаның жеке парақшасынан, 2022-нің 09-шы, 14-ші ақпандағы қойымдары.
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*